Kyzylorda-news.kz. Елімізде жас мамандарды қолдау мақсатында «Жастар практикасы» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бүгінде аталған бағдарлама негізінде жұмыс істеп, тәжірибе жинақтап жүрген жастар жетерлік. Солардың бірі Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің маманы Жизель Оразалы.

Жас маман қазіргі кезде облыстық экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінде тәжірбие жинақтауда. Оның айтуынша, зертхана қазіргі заманға сай жаңартылған заманауи құралдармен жабдықталып, барлық талапқа сәйкестендірілген.

​Сонымен қатар жас маман су, атмосфералық ауа, топырақ, радиациялық қауіпсіздік бойынша автокөліктерден шығатын газдардың шығарындыларына талдау жұмыстарын жүргізуге арналған заманауи құрылғылармен жұмыс істеп үйренуде. ​Сондай-ақ, зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің сынақ зертханасының бектіліген жоспар-кестесіне сәйкес мониторинг жұмыстарына қатысып тәжірибе алмасуда.

«​Халықаралық ISO/IEC 17025-2019 стандартта қарастырылған «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптарға» сәйкес биылғы жылға Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің стратегиялық жоспар кестесі бойынша аккредиттелген «Орда-Аналитика» ЖШС сынақ зертханасымен бірлесе гамма сәулелену мөлшерінің экспозициялық қуаттылығына зертханааралық салыстыру жұмыстарын жүргізуге қатыстым. Осы талдаулар арқылы одан әрі біліктілігімді арттырып, зерттеу жұмыстарына қатысуға барынша өз үлесімді қосқым келеді», - дейді жас маман.

Жас маман елдің ертеңі жастардың қолында екендігіне жіне департаменттегі тәжірбиесі арқылы болашаққа нық қадам басатынына толықтай сенімді. 

316293747_699664118162046_8070078211014293867_n.jpg

Тағы да оқыңыз: