Kyzylorda-news.kz  Жастар − ел тұтқасын ұстайтын, ұлт пен мемлекеттің ертеңіне жауапты, жарқын болашақ құрудағы маңызды рөл атқаратын топ. Қазақстанда 6 миллионға жуық жас бар. Бұл санатты 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтар құрайды. Ал заңнамадағы өзгеріске дейін бұл құрамға 14 пен 29 жас аралығындағылар жататын. Жас құрамы өзгерді, бұл дегеніміз жастарға берілетін мүмкіндіктердің де көбейгенін көрсетеді. 

Жастар мәселесі мен жастарға арналған мүмкіндіктерді талқылау мақсатында «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының» Қызылорда облыстық филиалы кездесу ұйымдастырды. Бүгін сол жағалауда орналасқан жастар орталығында өткен іс-шараға мектеп оқушылары, студенттер мен сала мамандары қатысты. Жиын барысында «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Дәуренбеков кездесудің мақсаты мен міндетіне тоқталды. Келесі сөз кезегі Қызылорда облысының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Талғат Тілеске берілді. Спикер «Жастар ресурстық орталығының» жетістігі, облыс жастарына берер мүмкіндіктері мен нәтижелеріне тоқталды.

− Жастар саясатын жүзеге асыру әрбір мемлекеттің өз болашағына жасаған инвестициясы. Қызылорда өңірінде 244 мыңнан астам жас бар. Ал республикадағы жастар саны 6 миллионға жуықтады.

Жастарға байланысты түрлі мәселелер қозғалуда. Бүгінде өзекті және өзгермейтін 2 мәселе бар. Біріншісі – жұмыссыздық, екіншісі – тұрғын үй мәселесі. Біздің орталық түрлі санаттағы жастардан сауалнама алып тұрады. Сауалнамаға нәтижесінде де бұл мәселелер жиі көрсетіледі. Бірақ жастар санатының категориясын ескерген жөн. Себебі 14 жастағы балаға тұрғын үй мәселесі өзекті болмауы мүмкін. Оның рухани дамуы, бос уақытын тиімді пайдалануы өзекті. Ал 25 пен 35 жас аралығындағы азаматтар үй мәселесі мен еңбекке басымдық береді. Сондықтан барлық жастарды жұмыссыз деп айта алмаймыз. 

Жалпы ресурстық орталықтар барлық өңірде жұмыс істейді. Бірақ ғимараты бар әрі арнайы жабдықталған орталықтар санаулы аймақта бар. Сондықтан біз және жастар осы мүмкіндікті жақсы әрі оңтайлы пайдалануымыз қажет. Облыстық жастар орталығының өткен жылы атқарған ауқымды жұмысы ретінде «Сыр жастары» бағдарламасын айта аламын. Былтыр аймақ басшысына «Сыр жастары» тұрғын үй бағдарламасын енгізуді ұсындық. Бүгінде жас отбасылар арасында үй мәселе өзекті. Сол себепті бағдарлама әзірлеп, облыстық жастар орталығының ғимаратында құжаттар қабылдауды бастадық. «Сыр жастары» аясында жуырда ғана 60 отбасы пәтерге ие болды. Бұл біз үшін үлкен жеңіс. Келесі мәселе жас кәсіпкерлердің санын көбейту. Сіз студент болсаңыз да, сізде кәсіп бастауға толық мүмкіндік бар. Яғни жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру жұмыстарын қолға алдық, − деді Қызылорда облысының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Талғат Тілес.

Айта кетейік, өңірдегі жұмыссыз жастарды ақпараттандыру мақсатында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Еңбек мобильділігі мен мансап орталықтары тұрақты түрде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырады. Биыл төрт айдың ішінде 16 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілген. Онда 211 жұмыс берушіден 952 бос жұмыс орны ұсынылып, жәрмеңкеге қатысқан 1002 жұмыссыздың ішінен 316 адам тұрақты, 29 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жәрмеңке арқылы жұмыспен қамтылғандардың 78,7 пайызы жұмыссыз жастардың үлесінде. Бұған қоса, 2023 жылдың тамыз айынан бастап tanda.enbek.kz платформасында бос жұмыс орындарының онлайн жәрмеңкесі ұйымдастырылған.

Сәуір айындағы ақпаратқа сүйенсек, республика бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрайды. Жастардың үлесі 3,5 пайызға жеткен. Қызылорда облысында өткен жылы 16,5 мыңды құраған жұмыссыз санатындағы адамдардың саны биыл 24 мыңнан асты. Жұмыссыздық – қазіргі замандағы ең өзекті мәселелердің бірі. Жастардың жұмыс таба алмауы немесе тұрақты жұмысқа орналасудағы қиындықтары олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын нашарлатады және болашаққа деген сенімін төмендетеді. Бұл туралы кездесуде Әлия Таджибай айтты. Спикердің айтуынша, жұмыссыздықтың бір себебі жастардың еңбек етуге қызығушылығының болмауы. Келесі себеп − жұмыс берушілердің жас әрі тәжіибесі бар маман іздеуі. Жұмыссыздық жастардың әлеуметтік оқшаулануына, депрессияға және басқа да психологиялық мәселелерге әкеледі. Жұмыссыз жастар арасында қылмыс пен құқық бұзушылық деңгейі өсуі мүмкін екенін айтты. 

Қызылорда облысында 2023 жылы жастар арасында 616 қылмыс тіркелген. Оған 699 жас пен жасөспірім қатысқан екен. Олардың ішінде 23 мектеп оқушысы, 47 студент, 68 әртүрлі мекемеде жұмыс істейтін жастар бар. Қалған 561-і немесе 80,2 пайызы – жұмыссыз, еш жерде оқымайтындар. Байқасаңыз, жұмыссыздар қылмыс пен бұзақылыққа бейім келеді.

Жұмыссыздық мәселесімен қатар жастардың жаңа дағдыларды игеруі, дамуы туралы айтылды. Әлия Жанәбілқызы ақпараттық технологиялар саласындағы мүмкіндірге тоқталды. 

Бүгінде Қызылордада IT сала қарқынды дамуда. Жыл сайын хакатон, инновациялық жобалар фестивалі мен түрлі байқаулар ұйымдастырылып, жастардың да қызығушылығы артуда. Ақпараттық технологиялар саласы тек сала мамандарына ғана емес, басқа да бағыттағы мамандарға қажет. Цифрлық дағдылар мен қабілеттерді үйреніп, өз салаңызбен байланыстыру қажет. Бұл бәсекеге қабілеттілікті арттыруда таптырмас құрал. Ал тәжірибе жинап, білімімді арттырамын десеңіз облыстағы орталықтардың көмегіне жүгіне аласыздар. Мәселен, жастар орталығында орналасқан «IT park»  пен Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторы апта сайын түрлі курстар мен митаптар өтізеді. Басты мақсаты – өңірдегі инновациялық жобаларды дамыту, аталған бағыт бойынша кадрлар даярлау және білім беру. Орталық стартаптар, инвесторлар мен менторларды біріктіреді. Сондай-ақ, кәсіпкерлік саладағы білімін арттыру, жобалардың прототипін жасау, инвестиция тарту, қаржылық есеп жүргізу және PR бағыты бойынша жастарға қолдау көрсетіледі, − деді спикер.

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» Қызылорда облыстық филиалының маманы Жақсыгүл Оразалиева  жастар мәселесіндегі психилогиялық бағытқа тоқталды. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасына тоқталды. 

Халықаралық «Болашақ» степендиясы 1993 жылы кадрлар мен мамандар даярлау үшін құрылған. Республика азаматтарының әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында күндізгі бөлімде магистратура, докторантура (PhD), медициналық ғылым кандидаты, клиникалық ординатурада оқу, резидентура білімін шыңдауға немесе шетелдік мекемелерде іс-тәжірибеден өтіп біліктілік арттыруға мол мүмкіндік береді. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның оң қорытындысына ие болған үміткерлер ғана стедения иегері атанады. Осыған байланысты әлемдік озық университеттердің білім берудегі озықтығын үйрену мақсатында ең алғаш рет 1994 жылы «Болашақпен» АҚШ, Ұлыбританияға, Германия және Франция секілді елдерге Қазақстанның 187 студенті білім алуға жіберілген. Жыл өткен сайын «Болашақ» бағдарламасының ауқымы мен үміткерлер саны артып, қызметі жалғасып келеді. «Болашақ» бағдарламасының көп жақсылықтарының бірі қазақстандық университеттердің шетелдік оқу орындарымен ынтымақтастықтары артуы мен дамуына өз пайдасын тигізді. Жалпы «Болашақ» бағдарламасымен 1994-2020 жылдар аралығында 14 156 стипендия берілсе, оның 785-і 1994-2004 жылдар аралығында, ал 2005-2020 жылдарда 13 371 стипендия тағайындалған. Сол 13 371 стипендияның 3379-ы – бакалавриат, 7379 – магистратура, 35 – аспирантура, 87 – клиникалық ординатура, 366 – докторантура, 2125 – тағылымдама бағдарламасы бойынша білім алуға бөлінген.  «Болашақ» стипендиясының иегерлері мына елдерді таңдайды: Ұлыбритания мен Ирландия – 45,5%, АҚШ пен Канада – 26%, Еуропа елдері – 12,9%, Азия елдері – 8% және степендияттардың 7,6% үлесі Ресейде оқуды таңдаған. Бұған қоса, «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алған 11 121 маманның 54,8%-ы гуманитарлық, 36,2%-ы техникалық, 7,2%-ы медициналық және 1,8%-ы шығармашылық мамандық иегерлері екен. «Болашақ» бағдарламасы елдің дамуымен стратегиялық басымдықтарына сай өзгертіліп, талаптары күшейтіліп отырды. Мәселен, 2008-2010 жылдары шетелдік университтерде оқумен қатар, шетелдік мекемелерде тәжирбеден өту бойынша «Тағылымдама бағдарламалары» құрылды. 2014 жылынан бастап «6+6» форматы бойынша тілдік дайындық талабы енгізілумен қатар, IELTS талаптары да 3.0-ден 5.0-ге дейін арттырылды. Әлемнің 100 үздік ЖОО-да оқыту және Ғылыми кадрларды даярлаудың жаңа жүйесі Split PhD-ды іске қосылды. Ал, 2017-2018 оқу жылынан бастап дипломдағы бітіру орташа бал ережесі GPA 3.0-тен 3.3-ке дайын көбейтіліп, IELTS бойынша да талап 5.0-ден 5.5-ке дайын ұлғайтылды. 2019-2020 оқу жылынан бастап «Болашақ» үміткерлеріне жас шектеулері алынып тасталды. ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы қаулысымен «Болашақ» стипендиясын тағайындау бойынша күрделі өзгерістер жасалды. Үміткерлерді ұсыныс және негіздеме хаттары арқылы бағалау сондай-ақ, мемлекеттік тіл мен шет тілді білу деңгейін анықтау тесті алынып тасталды. Қазіргі негізгі 3 кезең олар: кешенді тестілеу, тәуелсіз комиссиямен сұхбат және қорытынды кезең. Нәтиже – Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының отырысынан кейін белгілі болады. Тағы бір өзгеріс, 2020 жылдан бастап құжат тапсыру толықтай онлайн форматқа өтті.  2019 жылға дейін 7 санат: мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми-педагогикалық, медиа, мәдениет-спорт, медицина-денсаулық сақтау, инженерлік-техникалық бағыттағы үміткерлерге тілдік курстары тілдік курс бойынша жеңілдетілген квота берілетін. Өзгерістен кейін тек ауылдық үміткерлердің ғана тілдік курс жеңілдігін пайдалана алатын болды. Үміткерлер 2008-2012 жылдарында 1,5 жылға дейін, ал 2012-2019 жылдарында 1 жылға дейін шет тіленен дайындық курстарынан өтетін еді.

«Болашақ» степендиясына үміткерлері министрлік бекіткен  әлемдік университеттердің тізіміндегі бір университетті таңдау қажет. 2020 жылы «Болашақ» бағдарламасымен студенттер әлемнің 23 еліндегі 138 университетке білім алулары қарастырылған еді. Ал, 2021 жылдың 30-сәуірдегі Білім және ғылым министрлігі жиналысынан кейін 2021 жылдан бастап, әлемдік университеттер тізімін 1-ден 3 жылға бірақ жасады. Жаңартылған тізім бойынша, 2021-2023 жылдарында қазақстандықтар әлемнің 27 елінен 207 университетінде білім алатын болады. Шетелдік университттерді таңдауда кезінде QS World University Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education» секілді үш халықаралық академиялық рейтингінің ең кемі екеуінің топ-250 енген университеттер іріктеліп алынады. овид-19 пандемиясына байланысты 2021 жылдың 28 қаңтарындағы мәлімет бойынша Австралия, ҚХР, Швейцария, Оңтүстік Корея мен Жапонияда оқу үшін студенттік визаларды беру тоқтатылды. ХБО-ның  2021 жылдың 12-наурыздағы дерегінде, пандемиясына байланысты 75 студент онлайн және 610 стипендиат шетелде білім алып жатыр екен Бағдарламаның негізгі талаптарының біріне жетекші университеттің филиалдарында емес, шетелдік университеттің бас корпусында білім талап етіледі. Соңғы уақыттары да Қазақстанда әлемдік университтердің филлиалдары ашылып жатыр. Тек ағылшын тілінде білім беретін Де Монфорт (Лестер) британ университетіның филиалы 2021 жылы Алматыда ашылу жоспарлануда. Бұл үдерістің «Болашақ» квотасының азаюы мен көбейуіне еш әсері жоқ. Степендианттың қай елде, қандай мамандықпен қай университетте оқуды өзі таңдайды.

Бағдарламаның кейбір талаптарына саралар болсақ, магистратура бойынша білімін аяқтаған тұлға қайтадан «Болашақ» арқылы докторантураға оқуға әрекеттене алмайды. Тиісті мерзім бойынша қызмет ету керек. Оқуды аяқтағаннан кейін шетелде қалып жұмыс істей алмайды. Шетелде жұмыс істеуге болатын жалғыз мекеме Қазақстан шетелдегі дипломатиялық органдары. «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түскен студент қажетті талаптарға сай келсе басқа елге, басқа университетке ауысып, білімін жалғастыруға мүмкіндік берілген. Ең басты талап, ауысатын университет жетекші университет болуы керек және оның шақыртуы негізінде студенттің оқу үлгерімі қажетті нормаларға сай келуі. Дамыған елдердің үлгісінде құрылғанына 28 жыл болған «Болашақ» бұл бағдарламаның әлемде концептуалдық жақтан баламасы жоқ. Студенттерді толықтай қаржыландыру бойынша «Болашақ» 2014 жылы АҚШ-та өткен Going Global VIII халықаралық конференциясында Британдық Кеңес пен Герман академиялық алмасулар қызметінің зерттеу қорытындысында ұқсас 11 бағдарламаның арасында іріктеу барысының толық ұйымдастырылуы, еңбек нарығындағы сұранысқа сай жасалған мамандықтар бағыты және ЖОО тізімі санаттары бойынша «Болашақты» үздік стипендиялық бағдарлама анықтаған.

Сонымен қатар кездесуде Айнұр Досжанова қатысушылар арасында практикалық ойындар жүргізіп, жиынды қорытындылады. 

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» Қызылорда облыстық филиалы өңірдегі азық-түлік бағасына мониторинг жасайды. Сондай-ақ, қоғамдық талқылау жиындарын өткізеді. Жуырда «Даяшылар қызметі үшін пайыз алымы, заңды ма?» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Жиынға Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, облыстық кәсіпкерлер палатасы, облыстық қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету қауымдастығы, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшылары мен мейрамхана иелері, қоғам белсенділері қатысты.

Еліміздің көптеген мейрамханалар мен дәмханаларында тұтынушыға тапсырысынан бөлек даяшы қызмет көрсеткені үшін 10-20% қосымша ақы төленетінің білеміз. Алайда бұл заңды ма?, деген сұрақ қарапайым халықты ойландырады. Бұл қоғамдағы жауабы жоқ көп сұрақтың жұрт көкейіндегі көп сауалдың бірі.

Кейбір тұтынушылар тапсырыстан бөлек, даяшының қызметіне төлесе, заңға сүйенген басқа тұтынушылар мүлдем төлемей артты жанжалға ұласатыны бар. Тамақтану орындарында даяшы міндетті түрде қызмет көрсетуі керек. Тұтынушыға ең алдымен тапсырыс бермес бұрын барлығын даяшыдан сұрауы қажет, екіншіден тұтынушы мүлдем білмейтін болса, даяшы міндетті түрде 10-15 пайыз алымы төленетінің ескертуі қажет. Қаламыздың мейрамханаларында даяшылардың қызмет көрсетуі әртүрлі. Одан бөлек даяшылар тұтынушымен қызмет көрсету сапасы мен этикасы нашар. Осыған орай Қызылорда облысының қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету қауымдастығының төрайымы Әбдіразақова Ақмарал Мақсұтқызы өзі ұсынысын айтты. Колледждерде даяшылар курсын ашу. Алайда қаламыздың кейбір оқу орталықтары бұнымен келіспейді екен.

Мейрамхана басшылар экзотикалық тағамдарға көп шығындалатынын айтады, әсіресе балық өнімдеріне. Аспаздар мен даяшыларды оқыту да қалтаға тиетінің айтады. Сондықтан қызметкерлерге жалақысын төлеуде оңай шаруа емес екенін айтады.

Ал білім сапасына қатысты сала мамандарымен өткен қоғамдық отырыста саладағы жаңашылдықтар мен кемшіліктер айтылып, ұсыныстар берілді. Шарада облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бердаулетов Бағдат Камбозұлы басқарманың атқарған жұмыстарына баяндама жасады. Жалпы, ұлттық тәрбие мен білім қатар жүретін егіз ұғым. Білім беруді жаңғырту – әрдайымғы заманның талабы. Оқушылардың сауатты болуы білім ошақтарындағы оқытудың нәтижесіне байланысты. Білім жүйесіне бей-жай қарауға болмайды. Өйткені, бүгінгі оқушы – болашақтың іргесін бекітетін азамат.

 

А.Текебай

Тағы да оқыңыз: