Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің психологы Гүлжайна Ғабитқызы облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернатының оқушыларына психологиялық кеңес берді.
Оқушылармен өткен жиынға учаскелік полиция қызметкерлері де қатысты.
Психолог маман отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, суицидке итермелейтін жағдайларды болдырмау, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың себептері мен салдарлары сынды тақырыптарда профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар ата-анамен қарым-қатынасты реттеу, тұлғааралық байланыс, отбасындағы кикілжіңді болдырмау сынды мәселелер сөз болды. Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін ортасы екені де айтылды. Жиында психолог оқушыларға түрлі кеңестер беріп, сұрақтарына жауап берді.
Шара барысында оқушылар психолог кеңесіне жүгініп, өз сұраулары бойынша жеке консультация алды.
Психолог Гүлжайна Нетбаева әр баланың психологиялық даму ерекшеліктеріне қарай әрқайсысына аталған тақырыптар төңірегінде түрлі кеңестер берді. Сонымен қатар психолог-маман ситуациядан шығу жолдарын ұсынды.