Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Руханият» орталығында «Тартоғай» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Жастар – қоғамның қозғаушы күші» тақырыбында ауыл жастары арасында кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастармен ашық диалог орнату, олардың қоғамдағы рөлін арттыру, сондай-ақ ел дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылау болды. 

Кездесуге Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры, «Көкшоқы» БПҰ төрағасы Гүлдана Жақыпова, «Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ержан Әбешов және партияның аудандық филиалының консультанты Нұрсұлтан Сапарбаев қатысты.

Жиын барысында қатысушылар жастар саясатының маңыздылығына тоқталып, өскелең ұрпақтың ел болашағындағы орны ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар, жастардың білім алуы, жұмыспен қамтылуы, қоғамдық белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін арттыру мәселелері кеңінен қозғалды.

Кездесу аясында референдумның сәтті өтуі мен  жаңа Конституцияның қабылдануы дауыс беру нәтижелері жан-жақты талқыланып, жаңа Конституцияны қолдаудағы жастардың қомақты үлесі атап өтілді. 

Шара соңында қатысушылар мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, жастардың қоғам өміріне белсенді араласуы – ел дамуының басты кепілі екенін жеткізді.

Тағы да оқыңыз: