Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысын төраға Дәулет Ізбасарұлы жүргізді. Жиынға партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, кеңес мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және тиісті мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды: NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту және жастар арасындағы интернет-алаяқтықтың алдын алу.
Аталған мәселелер бойынша «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы Ержан Жеткерұлы мен облыстық Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция майоры Бағдат Тлеумбетов баяндама жасады.
Отырыста NEET санатындағы жастардың жұмысқа орналасу деңгейі мен жұмыссыздық мәселесі кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, жастар арасында интернет-алаяқтық фактілерінің артуы алаңдаушылық туғызатыны атап өтіліп, оның алдын алу бағытында ұсыныстар айтылды.
Жиын қорытындысында Жандос Базартай жастар мәселесі әрдайым басты назарда болуы тиіс екенін атап өтіп, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді.
