Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысының жұмысына кеңес мүшелері, кент, ауылдық округ әкімдері және сала басшылары қатысты.
«Ауданда жастар саясаты саласында атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы міндеттер туралы» Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Н.Пірназар, «Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы және алдағы жоспарлары жайлы» Жаңажол, Ақтөбе, Ақжар ауылдық округі әкімдері баяндама жасады.
Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес төрағасы Жандос Еркінбек Жосалы кенті, Қармақшы ауданына қарасты ауылдық округ әкімдері мен сала басшыларына жастар саясатын жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ, жастарды еңбекке баулу мақсатында елді мекендерде шаруашылық жаңынан «Еңбек бригадаларының» ашылуын ұйымдастыруды және жастарды қолдау бағытында іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктерді кеңінен насихаттауды тапсырды.
Болашақтың тұтқасы жастардың қолында екенін ескерсек, олардың қазіргі қоғамдағы рөлін арттырып, пайдалы дүниемен айналысуына, түзу жолмен жарқын бағыттарға қадам басуға атсалыссақ нұр үстіне нұр болар еді.