Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қаладағы жоғары техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілерімен арнайы кездесу өтіп, ұйым жетекшілерінің клубын құру мәселесі талқыланды. 

Кездесуді Жастар ресурстық орталығының директоры Талғат Оспанұлы ашып, Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілерінің клубын құрудың маңыздылығына тоқталып өтті.

Білім ордаларындағы Жастар комитеті – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларды, студент жастардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ететін бірден-бір ұйым. Өзін-өзі басқару мен қоғамдық жұмыстардың жұмысын үйлестіруде де жастар комитетіне артылатын жауапкершілік жоғары. Сондықтан жастар комитеті жетекшілерінің басын біріктіре отырып жұмыс жасау, облыс көлемінде жастардың басын бір орталықта қосып, жұмысын үйлестірудің маңызы жоғары.

Бүгінгі жиында жастар көшбасшылары арнайы клуб құруға бірауыздан қолдау білдіріп, бірлесе бірнеше жобаларды қолға алу жөнінде өз ұсыныстарын айтты. Алдағы уақытта арнайы жоспар бекітіліп, жоспар аясында жұмыстар жүргізілетін болады. 

318090048_1402850277156294_8005213968017485592_n.jpg

Тағы да оқыңыз: