Kyzylorda-news.kz   Қызылорда қалалық «Qosyl» жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 9 мамыр - Жеңіс күніне орай «Тағзым алаңы» мен «Бауырластар бейіті» алаңдарында «Ерлікке тағзым» жастар экологиялық акциясы өтті. 

Акцияға Қызылорда студенттері Альянсының белсенділері, жалпы алғанда 100-ден астам жас, 13 ЖОО және ТжКБ мекемелері, 3 жастар ұйымдары мен облыстық, қалалық жастар ресурстық орталықтарының мамандары арнайы қатысты. Акция барысында белсенділер жоғарыда аталған алаңдарда арықтарды қоқыстардан тазарту, талдарды әктеп-сырлау жұмыстарын жүргізді. «Туған өлкемізді таза ұстауға бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып атсалысуымыз керек» ұрынымен Сырбойының тазалығына мән беретін жастардың саны көбеюде . Тазалық өмір айнасы!

Айта кетейік, Қызылордадағы «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығы жастармен тығыз байланыста. Орталықтың ғимаратында WI-FI, коворкинг орталығы, спорттық секциялар, креатив фото-бейне студиясы, би залы және жастар ұйымдары кабинеті тегін қызмет көрсетеді.Өткен жылдары 143 іс-шара ұйымдастырып, оған 10 мыңнан астам жас қатысыпты. Жастардың сұранысына орай жабдықталған орталық қызметін 11 мыңнан астам адам пайдаланған.Жазда қаладағы Арбат бойында әр аптаның бейсен­бісінде «Ping-Pong», жұма күні «Караоке Battle», сенбі­де «Кино TIME» жоба­лары өткізіледі. Жастар орталы­ғы­ның «Qosyl kenes» жобасы арқылы жастарға үздіксіз ке­ңес беріліп, «Qosyl acoustic» жобасы шеңберінде ай сайын ән кеші өткізіліп келеді.

Тағы да оқыңыз: