Kyzylorda-news.kz Қызылорда қалалық прокуратурасының бастамасымен және «Qosyl» қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбында жастар мамандарының қатысуымен «АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ» жастар алаңы 7.0 кездесуі өтті.
Кездесуге Қалалық «Жастар ресурстық орталығының» директоры М. Жорабек, «GrandMaster» бағдарламалау мектебінің негізін қалаушы А. Жомартұлы қатысты. Кездесу барысында жастарға жетістікке қол жеткізудің жолдары, сәтсіздіктен сабақ ала отырып табысқа жету жолдары туралы ақпараттар айтылды. Қаламыздағы белсенді азаматтар өздерінің жетістікке жету жолдарымен бөлісіп, студенттермен пікір алмасты. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арсында құқық бұзу, топтық төбелес, зорлық-зомбылық, нашақорлық, басқа да қылмыстық істерің жасалуына ықпал ететін себептерін анықтау және оның алдын алу жөнінде ақпараттар айтылды.
Айта кетейік, Қызылорда қалалық прокуратурасының бастамасымен және «Qosyl» қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен сәуір-мамыр айларында Жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының студенттерімен кездесулер өткізу жоспарланған.
16 сәуірден бастап 7 оқу орнында, атап айтсақ «Orda» жоғары колледжі, М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі, Қызылорда медициналық жоғары колледжі, И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі, Қызылорда «Болашақ» университеті және жоғары колледжі, «Абылай хан» атындағы жоғары колледжі, Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбында Қызылорда қалалық прокуротурасының мамандары, медиа саласының өкілдері және жастар мамандарының қатысуымен кездесулер өткізілді.
Кездесу барысында жастарға заңға мойынсұнушылық мінез құлқын, құқықтық санасын және құқық мәдениетін қалыптастырумен қатар жетістікке қол жеткізудің жолдары, дұрыс мақсат қоя біліу, сәтсіздіктен сабақ ала отырып табысқа жету жолдары туралы ақпараттар айтылды. Оқу орнының түлегі, қазіргі таңда оқытушы қызметінде жүрген және қаламыздағы белсенді азаматтар өздерінің жетістікке жету жолдарымен бөлісіп, студенттермен пікір алмасты. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арсында құқық бұзу, топтық төбелес, зорлық-зомбылық, нашақорлық, басқа да қылмыстық істерің жасалуына ықпал ететін себептерін анықтау және оның алдын алу жөнінде ақпараттар айтылды.
«Orda» жоғары колледжінің білім алушыларымен өткен кездесуге Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім басшысы Ә. Ергеш, Қалалық «Жастар ресурстық орталығының» директоры М. Жорабек, «Қазақстан Қызылорда» облыстық телеарнасының бас продюссері Д. Ақайдаров және өңірдегі спортшы жастар қатысты.
Қорлан САРЫ
