Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес түнгі рейд жұмыстары жалғасуда. Бүгін қала әкімдігі мен қалалық полиция басқармасының өкілдері жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау, оның алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі рейд жұмыстарын жүргізді. 

Рейд жұмыстарын ұйымдастырудың басты мақсаты қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түңгі 23:00 ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруі бойынша тексеру.

Рейд барысында беймезгіл уақытта, яғни тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23.00-ден кейін жүрген 10-ға жуық жасөспірім анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 442-бабына сәйкес ескерту берілді. Тексеру жұмыстары шаһардағы саябақтар мен аллеяларда, сонымен ойын-сауық нысандары, соның ішінде компьютерлік ойын клубтарында жүргізілді.
Кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу және оны болдырмаудағы бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі мен міндеті орасан зор. Қала әкімдігінің хабарлауынша, аталған рейд жұмыстары алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізіліп отыратын болады.

Тағы да оқыңыз: