Kyzylorda-news.kz Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында жасөспірімдерге буллингтің салдарын түсіндіру, құқықтық қорғау жолдарын үйрету және қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында «Буллинг және құқықтық қорғау» атты пікірталас ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қызылорда ҚПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің майоры Мерей Тишбаев, полиция  аға лейтенанты Дамир Ахметулла, Арсен Нұриддин және А.Хангелдин атындағы №179 орта мектебінің, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.

Шара барысында қатысушылар буллинг ұғымының мәнін ашып, оның психологиялық, әлеуметтік және құқықтық салдарын талқылады. Сонымен қатар Полиция майоры М.Тишбаев, полиция аға лейтенанты Д.Ахметулла оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, ақыл-кеңесін ұсынды.

Шара соңында оқушылар  «Буллингсіз қоғам - бақытты бала» атты кітап көрмесімен танысты.

Тағы да оқыңыз: