Kyzylorda-news.kz. Жасөспірімдерді тәртіпке шақыруды тапсырған Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы бірнеше топ жасақтаған болатын. Соған сәйкес, бірнеше аптадан бері ауданда түнгі рейд жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сәйкесінше, олар ел ішіндегі құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алуды назардан тыс қалдырмай келеді. 

Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов бастаған құрам жастардың көптеп бас қосатын нысандарына бас сұқты. 

Нақтыласақ, топ құрамында аудандық мәслихат депутаты Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар мен азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Бабанаев, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Болат Жолтаев болды. Сондай-ақ, бірнеше білім ошақтарының директорлары мен аудандық полиция бөлімі және өзгеде сала қызметкерлері төбе көрсетті. 

Олар Әйтеке би кентіндегі ойын-сауық орталықтары, бильярд және компьютер клубтарына барды. Одан бөлек, түнгі клубтар мен кафелерге бас сұғып, жастарды тәртіпке шақырды.

342435795_651291846825274_1503290252321830587_n.jpg342366308_1370866187096193_1512448149150696671_n.jpg

Тағы да оқыңыз: