Kyzylorda-news.kz Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмахановтың тапсырмасына сәйкес жасөспірімдердің қауіпсіздігіне, түрлі құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған күшейтілген рейд жұмыстары жүргізілуде.
Қазалы ауданының әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов пен аудандық білім бөлімінің мамандары, учаскелік полиция инспекторлары, мектеп басшылары мен ерікті ұстаздар аудандық оқушылар үйінің ауласына жиналып, рейд жұмыстарын бастады.
Рейд барысында аудан аумағындағы қоғамдық орындар, ойын-сауық мекемелері мен көшелер бақылауға алынып, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру деректері, қоғамдық тәртіптің сақталуы және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері назарға алынды.
Мектеп бітіруші түлектерге байланысты рұқсат етілмеген мерекелік жиындардың, түнгі серуендердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кәсіпкерлік нысан иелеріне, ата-аналарға профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай профилактикалық шаралар алдағы уақытта Қазалы ауданы аумағында күнделікті жалғасын табатын болады.

