Kyzylorda-news.kz. Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Ал бұл мақсаттың жүзеге асуы үшін ата-аналар, мектеп мұғалімдері мен өзге де азаматтар жасөспірімдерге маңызды тәрбие беруі қажет.
Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру - мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Ад ол міндетті іске асырудағы басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды.
Осы орайда Қызылорда қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы №171 орта мектебінде 8 «А», «Б» сынып оқушыларымен жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтарды және топтасқан төбелестерді болдырмау, алдын алу мақсатында «Жастар және қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларымен Қызылорда қаласы ювеналды полиция капитаны Б.Айдарбеков және полиция майоры Б.Байменованың тілдесіп, оларға құқықбұзушылықты болдырмаудың маңыздылығын түсіндірді. Дөңгелек үстел барысында арнайы сала мамандары мен білім алушылар арасында тақырып төңірегінде еркін пікірталас болып, оқушылар өздерін толғандырған сауалдарға жауап алуға мүмкіндік алды.
