Kyzylorda-news.kz  Құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау, қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану, ішкі тәртіп талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Жалағаш ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Ж.Абдуайтов Ақсу ауылы №116 орта мектептің оқушыларының ата-аналарына және мектеп мұғалімдері мен оқушылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы мәселелерге кеңінен тоқталып, заң талаптары кеңінен түсіндіріліп, орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық іс-әрекеттердің алдын-алу жолдарын таныстырып, құқық бұзған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар және жазалар жайлы мағұлмат берді. 

Шарада жастар арасында әлімжеттік пен құқық бұзушылықтын алдын алу, «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу», білім алушылар арасында жаман әдетке үйір болмау, түнгі рейдтер туралы, ішкі тәртіпке бой ұсыну, темекі, ішімдік заттарынан аулақ болу, бір-біріне үстемдік жасамау сияқты жаман әдеттердің алдын-алу тақырыбында әңгіме өрбіді. Әсіресе, бопсалау сынды теріс әрекеттерге барудың аяғы жақсылыққа апармайтындығы баса айтылды. Жамандыққа бармаудың жолы бос уақытты тиімді пайдалану екенін түсіндірді.

Сонымен қатар, «Құқық бұзушылыққа, қылмысқа және кәмелетке толмағанға қарсы жасалған қылмысқа жол бермеу, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания, нашақорлықтың, зорлық-зомбылықтың алдын-алу» тақырыбында еркін формата түсіндіру жұмысын жүргізді. 

Шараның басты мақсаты −  жастардың  адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау болып табылады. 

Кездесу соңында аталған мәселелер бойынша оқушылар сала мамандарына қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға нақты жауаптар алды.

 

Тағы да оқыңыз: