Kyzylorda-news.kz. 2023 жылдың 7 тамыз және 10 тамыз күндері аралығында Жалағаш ауданының полиция бөлімінің бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Мәулен Өсердің нұсқауына сәйкес, жасөпірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын-алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бузушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жасөспірімнің еңбегін заңсыз пайдалану деректерін анықтау, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын-алу мақсатында, Жалағаш ауданы көлемінде «Жасөспірім және Заң» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 

Жалағаш ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері, аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топпен бірлесіп, аудан көлемінде орналасқан ойын-сауық орталықтары, азық-түлік дүкендері, жастар көптеп шоғырланатын қоғамдық орындар, мейрамханалар мен кафелер толықтай аралап түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, түнгі мезгілде көшеде жүрмеу, электронды шылымның зияны және қоғамдық орында қолдануға тыйым салынғандығы, кәмелетке толмағандар арасында көлік жүргізбеу, алкогольді ішімдіктерді қолданбау керектігі жөнінде түсіндірілді. Іс-шара барысында жасөспірімдерді қылмыс пен құқық бұзушылық әрекеттерінен аулақ болуға және түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда, кафе барларда отыруға, сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынғандығы ескертіліп, әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау, оны бұзу – жауапкершіліктен құтқармайтындығы ескертілді.

Тағы да оқыңыз: