Kyzylorda-news.kz  Жаслан Мәдиев премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Мәдиев бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарған еді.

Фото: primeminister.kz

Тағы да оқыңыз: