Kyzylorda-news.kz Вена қолданбалы өнер университетінің тарихында алғаш рет нейрожелі студент атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Рамблерге» сілтеме жасап.
Flynn деп аталатын жасанды интеллект цифрлық өнербағдарламасына ресми түрде қабылданды және басқа студенттермен тең дәрежеде оқиды.
Университет басшылығының хабарлауынша, мұндай эксперименттің мақсаты – шығармашылық саладағы адам мен жасанды интеллект арасындағы өзара әрекеттесуді зерттеу.
Бір қызығы, Flynn оқуға қабылдау сынағының барлық кезеңінен өтіп, өзінің портфолиосын ұсынып, сұхбаттасудан сәтті өткен. Жасанды интеллект университет ережелерінде студенттің міндетті түрде адам болуы жөніндегі ресми талаптың болмауына байланысты оқуға қабылданды. Бұл факт оқу орнының әкімшілігінде атап өтілді.
Фото: freepik.com