Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды «Цифрлық даму және жасанды интеллект жылы» деп жариялады.

Бұл бастама білім мен технологияны дамытудың стратегиялық бағытын айқындайды.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің жанындағы Жасанды интеллект институтының жұмысымен танысты.

Бұл институт Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетімен (SeoulTech) серіктестікте құрылған және аймақтың инновациялық дамуына серпін беріп отырған халықаралық деңгейдегі ғылыми-білім беру орталығы болып табылады.

Институтта жүзеге асырылатын бағдарламалар ақпараттық жүйелер, киберқауіпсіздік, компьютерлік бағдарламалау және бағдарламалық қамтама, информатика сонымен қатар қос дипломды бағдарлама бағытында жұмыс жүргізілуде.

«2023–2025 жылдары қос дипломды бағдарламалар іске қосылып, академиялық ұтқырлық пен ғылыми-зерттеу бағыттары кеңейіп, студенттер халықаралық жарыстарда табысты нәтижелер көрсетуде. Жасанды интеллект институты – еліміздің жоғары білім беру жүйесін интернационалдандыруға, студенттердің жаһандық еңбек нарығына бейімделуіне және цифрлық қоғам құруға нақты үлес қосып отыр.»-дейді институт директоры Нұрлан Құлмырзаев.

FB_IMG_1767989913287.jpg

Тағы да оқыңыз: