Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының мәжіліс залында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйекте жариялаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Жиынға фракция мүшелері, Саяси кеңес мүшелері қатысты. Басқосуда Мемлекет басшысының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, цифрлық технологияларды енгізуге, жасанды интеллектті тиімді пайдалануға бағытталған бастамалары кеңінен сөз болды.

Талқылау барысында фракция мүшелері Жолдаудың басты басымдықтарына тоқталды. Атап айтқанда, цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасын арттыру, білім мен ғылымды қолдау, сондай-ақ жасанды интеллектке негізделген жаңа өндірістерді дамыту мәселелері ерекше аталды.

2.jpg

Пікір алмасу барысында қатысушылар Президент бастамалары еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға серпін беретініне сенім білдірді. Сонымен қатар, жолдауда айтылған міндеттерді орындауға әр азамат өз үлесін қосуы қажет екені атап өтілді.

Жиын қорытындысында Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру елдің дамуы мен болашағына жол ашатыны айтылып, барлық деңгейдегі бастауыш партия ұйымдары мен қоғам өкілдерімен бірлесе жұмыс жасау ұсынылды.

Тағы да оқыңыз: