Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданындағы «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Таңшолпан Шанжарханова «Жұмысшы жастар: еңбек және инновация» атты жастар форумында Сырдария ауданы әкімінің «Өрлеу» жастар сыйлығына ие болып, құрмет төрінен көрінді.

Форум барысында мемлекеттік жас­­тар саясатын іске асыруға елеулі үлес қосып, аудан көлемінде белсенді қызмет атқарып жүрген 10 жасқа аудан әкімінің «Өрлеу» жастар сыйлығы мен 100 000 теңге көлеміндегі қар­жылай сертификат табысталды. Сонымен қатар бірқатар жас «Жыл үздіктері» атанды және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Өз кезегінде марапат төрінен көрінген Таңшолпан Қалдыбекқызы «Болашақ» университетінде «Бас­тауыш оқыту педагогикасы мен әдіс­темесі» мамандығы бойынша білім ал­ған. Еңбек жолын «Тіршілік тынысы» газеті редакциясында корректор болып бастаған Таңшолпан 2023 жылы тілшілік қызметке тағайындалып, қа­зір­гі таңда өз қызметін абыройлы атқарып келеді. Үш жылдан астам уақыт ішінде қаламы ұшталып, өз оқыр­­мандарын қалыптастырған жас тілші осы жылдар аралығында ал­дыңғы буыннан үлгі алып, тәжірибе жинап келеді. Нәтижелі жұмыстың арқасында түрлі марапатқа ие болды.

– Бұл марапат – әріптесіміздің өз ісіне деген адалдығының, тынымсыз еңбегінің, жоғары жауапкершілігі мен кәсіби шеберлігінің лайықты нәти­жесі екенін айта кетейік. Басылым беделін арттырған әріптесіміз аудан үнжариясының мәртебесін биіктетті. Ұжым арасында сый-құрметке ие болып, әрдайым үлгі бола білген әріп­тесіміздің жетістігі бар­шаға қуаныш сыйлады. Осындай марапат алдағы уақытта да жаңа табыстарға жетелеп, шығармашылық ізденіс пен биік белестерге жол аша бер­мек. Ұжымда абыройлы еңбек етіп, саланың дамуына үлес қосып жүрген әріптесіміздің мерейі әрқашан үстем болсын, – деді аудандық газеттің бас редакторы Аружан Мұханбетқали.

Ақтоты ӨТЕПБЕРГЕНОВА

Тағы да оқыңыз: