Kyzylorda-news.kz Жаңақорған ауданында рамазан айының құрметіне орай, жас өрендер арасында құран оқудан жарыс өтті. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас». Абай атамыздың бұл өлеңі әлі де өз өміршеңдігін көрсетуде. Асыл дініміз Исламның қайталанбас құндылығы, екі дүние бақытына жеткізетін Алланың кәләмі Құран екені баршаға аян. Қаншама ғасыр өтсе де бірде-бір әрпі өзгермеген Құран адамзаттың игілігі үшін қызмет етіп келеді. Жаңақорған аудандық мешітінің қолдауымен әрі «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен жылдағы дәстүрден жаңылмай, Құранның 30-шы парасы мен Азан шақырудан өткен аудандық жарысқа отызға жуық бала қатысты.
Ерікті жастардың ізгі бастамасымен бастау алған имандылық жарысы бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі мен Жаңақорған ауданы имамдары қазылар алқасының құрамынан табылды.
Құран мен Азан жарысы екі мешітте бөліп өткізілді. Оның ішінде, Құранды мәнерлеп оқу сайысына 23, ал қасиетті Құранның соңғы 30-шы парасын жатқа оқуға 10, Азан сайысына 26 шәкірт қатысты. Қатысушыларға сәттілік тілеген ауданның бас имамы Әбдіхалық қажы Махмұтүлы рухани шара ел Ал қазылар алқасының төрағасы облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы Шыңғыс қари Садуов және облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы Мағжан Өмірбеков және Шалқия кентінің имамы Дәуітбек Әлімбеков болды. Қазылар баға беру барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына баса мән берді.
Түс ауа аяқталған сайыстың қорытындысын білуге барлық қатысушы асыққаны анық. Өйткені, бас жүлде иегері қасиетті Мекке қаласына кіші қажылық сапарға тегін жолдамаға ие болады. Қазылар алқасының шешімін тағатсыздана күткен үміткерлер ішінен үздігінің атын атауға һәм марапаттауға Шыңғыс қари, Мағжан қари, ауданның бас имамы Әбдіхалық қажы Махмұтұлы, «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының төрағасы Еркінбек Айнақожаев, «Қум сахаба» мешітінің имамы Ержан Сейтжаппаров, «Хисамиддин Сығанақи» мешітінің имамы Жеңіс Ашимов ортаға шықты. Қазылар алқасының шешімімен Құранның 30-шы парасын жатқа айту жарысының бас жүлдесі яғни, умра қажылыққа жолдама Сүттіқұдық ауылынан келген шәкірт Жаңабай Жапековке бұйырды. Қасиетті мекенге жолдаманың сертификатына демеушілік жасаған «Заңғар» сауда үйінің басшылары Ерлан, Нұржан Палмановтар табыстады.
Бес жылдан бері үрдіске айналған бұл сайысқа аудан мешіттерінен жетпістен астам шәкірттері бақ сынады.
Жарыстың нәтижесінде келесі шәкірттер жеңімпаз атанды:
Құранды жатқа оқу жарысы
1 орын Малкаждар Әлихан (80000 теңге)
2 орын Омар Шерхан (60000 теңге)
3 орын Жақсыбек Нұрсұлтан (40000 теңге)
Құранды мәнерлеп оқу жарысы
1 орын Нұрбеков Даниял (60000 теңге)
2 орын Тұрсынқожа Зайдулла (60000 теңге)
3 орын Асайын Раян (60000 теңге)
Азан шақыру жарысы
1 орын Әділбек Айжігіт (30000 теңге)
2 орын Файзулов Ясин (20000 теңге)
3 орын Дәулетиярұлы Аллаяр (10000 теңге)
Айта кетейік, барлық қаржылай сыйлықтар ауданымызда түрлі салада өз кәсіптерін жүргізіп отырған азаматтарымыздың демеушілігімен жасалды.
Сонымен қатар, құранның соңғы отызыншы парасын жатқа оқудан 1-орын Ернар Алғабас (120 000теңге), 2-орын Сунатулла Исмаилов (100 000теңге), 3-орын Ерасыл Ақжігіт (70 000теңге), ал Құранды мәнерлеп оқудан 1-орын Данат Әбен (100 000теңге), 2-орын Ержан Зәйдин (70 000теңге), 3-орын Мұхамеджан Сұлтан (50 000теңге), Азан шақыру сайысында 1-орын Қожахмет Талғатұлы (70 000теңге), 2-орын Болат Нұрсұлтан (50 000теңге), 3-орын Айжігіт Әділбек (30 000теңге) алды. Айта кету керек, дәстүрлі түрде аудандық деңгейде ұйымдастырылған Құран жарысына жаңақорғандық жомарт жандар мен мешіт жамағаты қаржылай демеушілік жасады. Сондай-ақ ауылдардан ең көп шәкірт жарысқа қатыстырған Бесарық, Сүттіқұдық ауылының имамдарына Қоғамдық қор тарапынан арнайы бағалы сыйлықтар табысталды.
Рухани шара соңында ерікті жастар аудандық мешіт ауласында имамдар мен шәкірттер арасында Ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізді. Қатысушылар спорттың гір тасын көтеру, қол күрес, асық ату, садақ ату, арқан тартыс, қаппен ұру түрлерінен кім мықтыны анықтады. Танымал жаттықтырушы Шыңғыс Азнабаев үйлестірген спорт шара жүлдегерлеріне Диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Иә, қорыта айтқанда, имандылық – ұрпақ тәрбиесінің ең басты қайнар бұлағы. Бүгінгідей жаһандану заманында қоғамдағы кейбір жеткіншектердің әдепсіз әдеттері, мұсылманға жат қылыққа бой алдыруы, ата-анасын тыңдамауы, ертелі-кеш телефонға телміруі, сөз жоқ осы имандылық дәнінің бойға дұрыс дарымағанынан. Атам заманнан қазақ үшін бала қымбат болса, оның тәрбиесі одан да қымбат.