Kyzylorda-news.kz. Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалы білім беру ұйымдарын  бітіргелі жатқан жас мамандарды жұмыспен қамту  және  жеке кәсібін ашу үшін мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктер мен  мүмкіндіктер  жайлы ақпараттар беру үшін «Ашық есік» күнін ұйымдастырылды.

Ақпараттық шараға партия филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары А.Жарылқасынов, қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы А.Самыратов, «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-нің маманы Е.Нұрахметов және «Аграрлық несие корпорациясы» аймақтағы филиалының кредиттеу бөлімі  басшысы Қ.Садақбаев қатысып, жас мамандарды еңбекке баулу,  кәсіппен айналысуына мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктер жайлы мәліметтер берді.

«АМАNАТ» партиясының халықтың сұранысы негізінде 2023-2027 жылдарға жоспарланған «Халықпен бірге» атты сайлауалды бағдарламасында айқындалған басым бағыттардың бірі жастарға жан-жақты жағдай жасау. Яғни олардың жұмыспен қамтылуына, өмір сүру жағдайын жақсартуына басымдықтар көзделген. Осы бағытта ұйымдастырылып отырған бүгінгі ашық есік күнінің мақсаты оларға дұрыс бағыт - бағдар беру, жұмысқа орналасуына ықпал ету және мемлекет тарапынан жасалып жатқан жеңілдіктер мен мүмкіндіктер жайлы кеңінен ақпарат беру», -деді  алғаш сөз алған партияның облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары А.Жарылқасынов.

Қызылорда қаласы бойынша биыл 11624 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, бүгінгі күні 5948 жұмыс орны ашылған. Оларға «Электронды еңбек биржасы» порталы арқылы 232 жас тұрақты жұмысқа орналасып отыр. Мұнан бөлек жыл көлемінде ұйымдастырылған 6 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі нәтижесінде 27 жас тұрақты жұмыспен қамтылған. Шара барысында «Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығы" КММ-нің бөлім басшысы А. Самыратов сөз алып, жастарды жұмыспен қамту аясында жүргізіліп отырған жұмыстар бойынша  кеңінен ақпарат беріп өтті.

«Жыл басынан жастар практикасын бойынша 232 мекемемен келісім шарт жасалып, 358 жас маман жұмыс жасап жатыр. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы 165 азамат жұмысқа жолданды, оның 50 жастар санатына кіретін азаматтар. Қоғамдық жұмыс орындарында уақытша 569 жас жұмыс жасауда. Алғашқы жұмыс орны бойынша 29 жас жұмыс орынмен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады», - деді ол.

«Ашық есік» шарасына жоғарғы, арнаулы орта, кәсіптік оқу орындарын бітіргелі жатқан түлектер қатысып, сала мамандарының таныстырған хабарламаларына сәйкес сұрақтар қойып, тиісінше жауаптар алды.

53dcf381-d356-41e0-9c31-16a1ca727729.jpg

 

4fc9a15b-bcf1-4637-b4e8-ccb62101f3b0.jpg

Тағы да оқыңыз: