Kyzylorda-news.kz.А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Сыр ақындарының жалғасы, поэзия әлеміне өзіндік өрнек салған жас ақын Мақсат Дауылбайдың «Шер» атты шығармашылық кеші өтті.

Қоғам өміріндегі түрлі де, тосын оқиғаларды кескіндей білген автордың өлеңдерін театр актерлары оқып, сахналады. Автордың лирикалық сарындағы әуендері де көрерменге ерекше сезім сыйлады.

Кеште ақын, филология ғылымдарының докторы, «Парасат», «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, ақын, әнші-композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіқалықова, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қатира Жәленова, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Дүйсенбек Аяшұлы сөз алды. 

Сондай-ақ, іс-шарада облыстық Жастар театрының әртістері ақын өлеңдерін жатқа оқыса, А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ақын сөзіне жазылған әндерді әуелете шырқады.

«Шер» атауын арқалаған кеште облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Мира Қазбекова облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын жеткізіп, шығармашылық табыс тіледі. Ал, қала әкімі Асылбек Шаменовтің құттықтауын қала әкімінің орынбасары Ақзира Қасымова жеткізді.
 

5.jpg

6.jpg

3.jpg

Тағы да оқыңыз: