Kyzylorda-news.kz.  Тіршілігін теңізбен тікелей байланыстырған аралдықтардың басты тілегі де осы – Аралдың арнасы толып, теңіз суының көбеюі. Себебі ата кәсібініе айналған балық шаруашылығының ілгерілеуіне елеулі үлес қосып жүрген теңіз жұртшылығына су көлемінің артуы таптырмас мүмкіндік екендігі айдан анық. 

Міне, осылайша теңіздің болашағы тілеуіне айналған жұртшылық жағымды жаңалықтан хабардар болды. Баршамызға белгілі, теңізге құлаған судың көлемі көп болуына байланысты бүгінгі таңда теңіз суының деңгейі 48 сантиметрге көтерілген. Бұл жайында Қызылорда облысының әкімдігі өз парақшасында хабарлады. Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Зейнулла Қазтоғановтың айтуы бойынша: 

– Осы уақытқа дейін Солтүстік Арал теңізіне жиналған су көлемі 27,0 млрд текше метрден 18,5 млрд текше метрге азайып, су деңгейі 40,42 мБЖ (метр Балтық жүйесімен) дейін төмендеген болатын. 2022 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі таңға дейін теңіздегі су деңгейі 40,90 мБЖ немесе 48 сантиметрге дейін көтеріліп, жиналған су көлемі 19,7 млрд текше метрге ұлғайды, – делінген. 
Сондай-ақ былтыр жыл көлемінде Аралға 816 млн м3 су түссе, биыл 2 айдың өзінде 803 млн м3 су құйылған. Бір кездері Амудария мен Сырдарияны қатар емген теңіздің қазіргі асыраушысы Сырдың суы ғана. Аралдықтардың ендігі тілегі Сырдария арқылы теңізге су құюға кедергі болмаса, дейді.

Тағы да оқыңыз: