Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде белгісіз тұлғалар ұялы телефон аксессуарларының дүкеніне ұрлыққа түскен.

Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті азамат ұсталды.

Оның тұрғылықты мекен жайын тінту барысында 3 дана «M26 PLUS» үлгісіндегі смарт сағаты, 2 – дана​ «AіR Pods», 1 – дана «Samsung» құлаққабы айғақ зат ретінде алынды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (Ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: