Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы эпидахуалға байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов брифинг өткізді.

Аймақта індеттің таралуы мен, екпе жұмыстарына тоқталып өткен басқарма басшысының орынбасары «Covid-19» инфекциясын үй жағдайында емдеп жатқандар әлі де көп екенін айтып, тұрғындарға дер кезінде дәрігер шақыру керек екенін ескертті.

«Коронавирус инфекциясы белгілі болып, ол туралы емханаға немесе дәрігерге хабарламай, үйден өздігінен ем қабылдап жатқандар қатарынан «Covid-19» көптеп анықталып жатқанын айтқым келеді. Сол себепті барша тұрғындардан ауру белгісі байқалған сәттен, дәрігерге қаралып, дер кезінде ем бастауды сұраймын. Медицина саласының мамандары бір жылдан аса уақыт осы кеселмен күресіп келе жатыр. Ауа жетпей, өкпесі қысылған науқастарды көріп, оларды ажалдан арашалау ақ халаттыларға оңайға тиіп жатқан жоқ. Індетпен күрес – ортақ парыз. Осы ретте баршаңызды індетпен күрес жұмыстарына атсалысуға, вакцина салдыруға шақырамын», – деді Жангелді Шайымбетов.

Тағы да оқыңыз: