Tauelsizdik

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Жекелеген өңірлерде жаңбыр жауады, оңтүстікте қатты жаңбыр болжанады. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, бұршақ, оңтүстікте және оңтүстік-батыста дауыл күтіледі.

13 мамырда күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі.

Кей жерлерде найзағай, күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі.

Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%.

Тағы да оқыңыз: