Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданында 4 күн бұрын жоғалып кеткен 29 жастағы келіншек табылмай жатыр.

Жаңақорған кентінің тұрғыны 1992 жылы туған Гүлбейне Агнярова 17 маусым күні сағат 08:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Бұл туралы азаматшаның туыстары аудандық полиция бөліміне хабарлаған.

Гүлбейне Агнярованың ерекше белгілері: бойы – 170-175 см, шашы ұзын, қара, көзі қара, домалақ, қыр мұрынды, қалың қасты, домалақ ерінді. Үстіне ақ түсті көйлек, қолында көк түсті сөмке, аяғында ақ түсті туфли киген.

Тағы да оқыңыз: