Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданында құс фабрикасының құрылысы басталды. Бұл туралы аудандық әкімдіктің «Facebook» парақшасында жарияланды.

Бүгін аудан әкімі Руслан Рүстемов «Абдулла» шаруа қожалығындағы құрылысы басталған құс фабрикасымен танысты.

Құс фабрикасының құрылысы 2020 жылдың желтоқсан айында басталды. Жоба құны 3,9 млрд теңге, ал жобаның іске асырылу мерзімі 2021 жылдың қыркүйек айы.

Құс фабрикасы бір жылда 3 500 тонна ет өндіру және 150 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарлауда.

Тағы да оқыңыз: