Жаңақорғанда қоян аулаған браконьерлер ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Жаңақорғанда қоян аулаған браконьерлер ұсталды

06.12.2021, 10:40

499 0

Kyzylorda-news.kz.  Жаңақорған ауданы  Кейден ауылының батыс жақ беткейінде орналасқан «Қара сопы» деп аталатын жерде түнгі уақытта тәртіп сақшылары  жабайы қояндарды заңсыз аулаған Жаңақорған ауданының үш тұрғынын ұстады. Заттай дәлелдеме ретінде браконьерлерден 12 калибрлі 2 аңшылық мылтық, прожектор мен қоянның еті алынды.

Қазіргі таңда аталған заңсыз аңшылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

«Облыс полицейлері азаматтарды табиғатты қорғауға шақырады және жабайы жануарлар мен өсімдіктерді, оның ішінде ҚР Қызыл кітапқа енгізілгендерді заңсыз аулағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер Сізде браконьерлік жағдайлары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.