Kyzylorda-news.kz. Күні кеше Жаңақорған ауданында қатты желдің әсерінен бес ғимарат пен екі қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің шатыры ұшқан болатын. Табиғи оқиғаның салдарынан электр сымдары зақымдалған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев хабарлады.

«Жаңақорған ауданында сағат 15:00 мен 17:00 аралығында жылдамдығы 18 метр секунд болатын қатты желдің кесірінен ғимараттарға зақым келді. Ауданға қарасты Кейден және Жайылма ауылдық округінде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда тиісті мекемелерден комиссия құрылып, шығындар есептелуде», – деді Саид Молдақараев.

Тағы да оқыңыз: