Kyzylorda-news.kz. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі Жаңақорған аудандық мешіті және «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстық деңгейде құранды жатқа және мәнерлеп оқу, азан шақыру сайысы өтті. Бұл байқау үш жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Жаңақорғанда өткен тартысты сайыста облысқа қарасты қала, аудан мешіттерінен 120-дан астам үміткер қатысты.

Бағалау ережесіне сәйкес, үміткерлерге қазылар алқасы тарапынан 3 сауал қойылып, шәкірттердің Құран аяттарын жаттау қабілеті, оқу мәнері және әуезділігі мен тәжуид ережелерін сақтауға аса мән берілді.

Сайыс қорытындысы бойынша Жаңақорған аудандық мешітінде еліміздің бас муфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай және аудан әкімі Руслан Рүстемов жарыс жеңімпаздарын марапаттады.

Тағы да оқыңыз: