Kyzylorda-news.kz. Биыл Жаңақорған ауданында қуаттылығы 10 мегаваттты құрайтын күн электр станциясы пайдалануға беріледі.

2022 жылы Арал ауданында қуаттылығы 20 мегаватты күн электр станциясын салу жоспарлануда.

«Жалпы мақсатымыз аймағымыздағы күн сәулесі мен желді тиімді пайдалану. Бұл «жасыл экономикаға» көшуге үлкен мүмкіндік береді. Бүгінде ауыл шаруашылығындағы 100-ден астам шаруа қожалық қуаттылығы 2 киловаттан асатын күн сәулесімен жұмыс істейтін кіші электр станцияларын тұрақты пайдалануда», – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов.

Бүгінде Шиелі және Жалағаш ауданындағы күн электр станцияларымен өндірілген электрэнергиясы бірыңғай энергетикалық жүйеге берілуде.

Тағы да оқыңыз: