Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Жаңақорған ауданының Полиция бөлімінің қызметкерлері және Қызылорда ОПД-нің жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульді полиция ротасының қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Аудан көлемінде өткізілген рейдтік іс-шараға Жаңақорған ауданының Полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды полиция тобының қызметкерлері және патрульді полиция тобының қызметкерлерінен барлығы 30 қызметкер 12 қызметтік автокөлікпен, Қызылорда облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульді полиция ротасынан 11 қызметкер 5 қызметтік автокөлікпен жұмылдырылды.

Жүргізілген жедел – профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде қоғамдық тәртіпті және жол жүру ережелерін бұзғаны үшін барлығы 190 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қоғамдық орындарда алкоголь ішімдігін ішіп масаң күйде жүрудің 6 дерегі, белгіленбеген уақытта алкоголь өнімін сатудың 3 дерегі анықталса, автокөлікті мас күйінде басқарудың 3 дерегі, жалған мемлекеттік белгі тағудың 2 дерегі, құжатсыз көлік басқарудың 23 дерегі, сақтандыру полисінсіз жүрудің 13 дерегі анықталып, жалпы 37 автокөлік айып тұрағына қойылды.

Сонымен бірге, ҚР ҚК-нің 188 – бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен 3 жылға пробациялық бақылау белгіленіп, бой тасалап жүрген қылмыскер ұсталды.

Аудан көлеміндегі рейдтік іс-шаралар жалғасуда.