Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданында автокөлікпен 4 баланың әкесін қағып мерт қылған, оған қоса, оқиға орнынан қашып кеткен күдікті полиция қызметкері қамауға алынды.

Биылғы жылдың 7 наурызында кешкі сағат 19:06 шамасында Қызылорда облысының Жаңақорған кентінде ​ жаяу жүргіншіні белгісіз автокөлік қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1 адам қайтыс болды.​

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің​ ​ 345 бабы​ (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347 бабы бойынша (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жол-көлік оқиғасын жасаған күдікті ретінде полиция қызметкері анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жалғасуда. Аудандық полиция бөлімінің​ басшылығына қатысты тексеру жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: