Жаңақорғанда 3 мың рулон шөп өртеніп кетті – Kyzylorda News
Басты бет

Жаңақорғанда 3 мың рулон шөп өртеніп кетті

22.07.2021, 11:40

552 0

Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданында 3000 рулон шөп өртеніп кетті.

Оқыс оқиға 21 шілде күні сағат 20:20-да ауданға қарасты М.Нәлібаев ауылдық округінде орын алды. Ауылдағы шаруа қожалықтың аумағындағы ашық алаңда жиналған шөп өртенген.

3 мың рулонды құрайтын шөптің салмағы 1200 тоннаға жуық. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер сағат 00.30 шамасында өртті толығымен сөндірді.

0

Пікір қалдыру