Kyzylorda-news.kz. Рейдтік шаралар барысында 33 жастағы Жаңақорған ауданының тұрғынының үйінде заңсыз, тіркеуде жоқ, 2-ұңғылы, 16 калибрлі аңшы мылтығын сақтағаны анықталды.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Заңсыз қару алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) бойынша хаттама толтырылды.
Қызылорда облысының Полиция департаменті заңсыз сақталған қаруды немесе оқ-дәріні өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.
