Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Кеңес ауылында «OPEL VECTRA» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында 60 жастағы жүргізушінің алкоголь өнімін пайдаланғаны байқалған. Медициналық сараптамадан өткізу кезінде оның «орта» дәрежелі масаң күйде болғаны белгілі болған.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлімімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, сот шешімімен 15 (он бес) тәулікке әкімшілік қамауға алынып, көлік құралын басқару құқығынан 7 (жеті) жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалған.

Осы тектес құқық бұзушылық сағат 00:05 шамасында аудан орталығында орын алды. Полиция қызметкерлерімен «ВАЗ-21061» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында 28 жастағы жүргізушінің алкоголь өнімін пайдаланғаны байқалып, медициналық сараптамадан өткізу кезінде «жеңіл» дәрежелі масаң күйде екендігі белгілі болды.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлімімен  әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 15 (он бес) тәулікке әкімшілік қамауға алынып көлік құралын басқару құқығынан 7 (жеті) жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалған.

Еске сала кетейік, жыл басталысымен ауданда масаң күйде көлік басқарған 17-ден астам жүргізуші әкімшілік жакапкершілікке тартылды.

«Жол-көлік оқиғалары көбіне осылай рөлге мас күйде отыру салдарынан болады. Сондықтан ішімдік ішіп, көлік тізгіндемеңіздер. Бұл өз өміріңізбен қатар, өзгенің де өміріне қауіпті болады. Осы ретте, автокөлік жүргізушілерін жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырғым келеді. Сіздің ойланбаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін», – деді Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Сұлтан Бектөре.

Тағы да оқыңыз: