Жаңақорған аудан әкімдігінен арнайы cаll орталығы іске қосылды. – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Жаңақорған аудан әкімдігінен арнайы cаll орталығы іске қосылды.

30.06.2020, 9:40

138 0

Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған кентінің тұрғындары арасында қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша Жаңақорған ауданаралық ауруханасы жанынан медициналық көмек көрсететін 4 жылжымалы бригада тұрғындарға уақытылы, сапалы көмек көрсету жұмыстарын жүргізетін болады.

Аудан әкімдігінен арнайы Саll орталығы іске қосылды. Телефон номері: 21-4-34. күндізгі сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін медициналық көмекке мұқтаж, дәрі-дәрмек қажет ететін, екпе салдыратын тұрғындардан қоңырау қабылдайды.
Жауапты – аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Қуаныш Нарзілдәұлы.

Бұл қызметті жедел-жәрдем қызметімен шатастырмау қажет. Аудан әкімдігінің қолға алған шарасы 4 бригада 4 көлікпен қамтамасыз етілді. Бұл қызметті үйлерінде өз бетінше ем қабылдап, сырқаттанып жатқан азаматтар пайдалана алады.

Медициналық көмек көрсету бригадасы Жаңақорған кентінде 2 бағытта (темір жолдың оң жағы мен сол жағы) жұмыс жасайды.

ТЕМІР ЖОЛДЫҢ ОҢ ЖАҒЫНА:
(Сырдария беткейі) бөлінген медицина қызметкерлері:

Ибадуллаев Нариман – Жаңақорған аудандық емханасының фельдшері, телефон номері 8 775 3903838;

Абдугаппарова Аяужан – Жаңақорған аудандық емханасының мейірбикесі, телефон номері 8 778 998 5778.

ТЕМІР ЖОЛДЫҢ СОЛ ЖАҒЫНА:
(Қаратау беткейі) бөлінген медицина қызметкерлері:

Дүйсенов Бағдат – Жаңақорған аудандық емханасының фельдшері, телефон номері 8 701 112 8745.

Тұрдәлі Меруерт – Жаңақорған аудандық емханасының мейірбикесі, телефон номері 8 707 635 7330.

0

Пікір қалдыру