Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған Аграрлы-техникалық колледжінде жастар арасында диалог алаңы өтті. Жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Ерікұлы пен Жастар Рухы жастар қанатының жетекшісі Асхат Арыстанбекұлы іс-шараға қатысушылардың білім алудың қолжетімділігіне деген көзқарастары ерекше екеніне куә болып, сұранысқа сай болуы үшін қандай болу керектігі және болашақ мамандықтар жайында ой талқылады.
Шараның басында, Наурызбай Орынбасарұлы сөз сөйлеп, өз тжәрбиесімен бөлісті.
«Осыдан 10 жыл бұрын робототехника, инфарматика, нонотехника сынды мамандар бізге бейтаныс болып көрінуші еді. Сол іспетті алдағы онжылдықта қолданысқа енетін қызмет түрлері жайында әлемдік сараптама ұйымы Pew Research Center технологияның қарыштап дамуының тың дәуірі басталғанын сөз етті. Роботтар қызметі басымдыққа ие болып, адамзаттың темірқұлдармен бәсекеге түсетінін айтты. Сонымен, келешекте қандай мамандыққа бетбұрған дұрыс? Экономикасы дамыған ірі мемлекеттерде робототехника қызметі қарқынды дамып, электронды басқару жүйесі қалыптасып, көптеген мамандықтар «ескі қызметке» еніп, қолданыстан қалуда. Мәселең, Жапония, Корея, Тайланд, Сингапур, Малайзия, АҚШ, Англия секілді мемлекетте пошта қызметі, кассир, аудармашы, күзетші секілді мамандықтарға сұраныс жоқ. Бұл қызметтерді халық робот көмегімен алып жүр. Бір адам 4 мамандықты бірге ұштастыра оқып, ғылымның жаңа түрін ойлап табуда. Мамандық таңдағанда «осы мамандық болашақта сұранысқа ие бола ала ма?» деген күдікпен сыни зерттеу жасау арқылы бір шешімге келеді екен», – дейді ол.
Сонымен қатар, бейнеролик арқылы тақырыпқа байланысты бейнесюжет көрсетілді. Онда сараптама жасаушылар, алдағы он жылдықта роботтың дамыған түрлері пайда болып, «смарт қалалар» бой көтеріп, ғарыш галактикасын жерде отырып игеру дәуірі басталмақ. Осыған сәйкес бүгінгі күндегі қызметтердің 97 пайызы жойылып, нағыз білімділерге жол ашылады. «Роботтар көп қызметтерді өзіне жүктеп, жұмыссыздыққа жол берілуі ықтимал» деген болжаушылар роботтармен жанталаса еңбек ету жанданатынын түсіндіруде. Мұны Оксфорд университетінің баспаханасынан шыққан Ричард Сасскинд пен Дэниель Сасскиндтің «Мамандықтар болашағы» атты зерттеу мақаласында ашық айтылады. Сонымен, алғашқы бес жылдықта «2025 жылдан кейін роботоэтика жөніндегі адвокат» қызметі есігіңізді қағып тұруы әбден мүмкін. Ол – моральдық және этикалық заңдарды белгілеп, адамдардың, роботтардың және жасанды интеллекттің арасындағы делдал ретінде жүреді. Сол заңдар бойынша машиналар тірі адамдар арасында еңбектенеді. Осы болжамдарды адамның денесін қасақана ауыртуға қабылетті роботты ойлап тапқан Берклидегі Калифорния университетінің инженері Александр Ребен де растап отыр. «Мен «зиянды» робот пайда болуы мүмкін екенін дәлелдедім. Осы себепті жасанды интеллект күндердің бір күнінде адамға бағынбай кетуі мүмкін деген қорқынышымызға қарсы тұра алатын адамдарға келешекте зәру боламыз», – дейді Ребен. Ал, бұл мамандықтың табысы да, қауіпі де зор болатынын айтпасақта ұғынған шығарсыз. Міне, осы сынды зерттеулерді жинақтап көпшілікке ұсынды.
Сондай-ақ, ауданның құрметті азаматы, суретші Үмбет Абибуллаев өз білгенімен бөлісті.
– Виртуалды тіршілік ортасы дизайнері мамандығына Нидерленд жастары сақадай сай тұр. Яғни, 2026 жылы миллиондаған адамдар жұмыс бабымен немесе оқу үшін жаңа деңгейлі виртуалды шынайылық ішінде сағаттап жүруі мүмкін. Бұл виртуалды мекен дизайнері іскерлік кездесулерге қажетті жағдайды немесе, VR-музейлерді жасап, осы әлемдерді жобалаумен айналысады. Қысқасын айтсақ, Бүкіл дүние жүзінен «жиналатын» әріптестерімен идеяларын талқыға салатын гипершынайы виртуалды кеңістікте кездесіп отырған жұмыскерлердің кеңседегі әдеттегі күнін елестетіп көріңізші. Ал олардың модельдері ретінде, мысалға айтсақ, геймерлер өздерінің сүйікті ойыншыларына айналып кететін футболдан премьер-лига стадионы болуы немесе түпнұсқасын сақтап қалу үшін жасалған ЮНЕСКО мұрасының цифрлық көшірмесі болуы әбден мүмкін. Бұл саладағы алғашқы қадамдар қазірдің өзінде бар. Мысалы, Автралиядағы Дикин университеті, виртуалды және толымды шынайылық саласының алғашқы дипломды мамандарын даярлау үшін, бағдарлама жасақтаушалармен ынтымақтастық орнатты. Бұл бағдарлама бойынша өтетін сабақтар 2016 жылғы қыркүйек айында басталды. Атақты басылым Forbes және Popular Science журналы «болашақта пайда болуы мүмкін 162 маман» тізімін жариялады. Тізімде біздің ойымызға мүлдем кіріп шықпаған қызметтер енді. Мәселең, қоршаған ортаны қалпына келтіру менеджері, криптовалюта банкирі, IT-генетик, интеллектуалды жекеменшікті бағалау, нейропсихолог, медициналық роботтехник, виртуалды өмір архитекторы секілді мамандықтар таңдай қақтырады. Ал, әлемдегі атақты университеттерде 2025 жылы галактикалық архитектор мамандықтары жоғары оқу орындарында ресми түрде ашыла бастайды. Ал, біздің елде робототехника ғылымы енді ғана қалыптасып келеді. Дамыған елдердің дүбіріне ілесіп кетуге талпынғанымызбен, «цифрлық сауаттылық» арттыру мәселесі тұр. Ел басына күн туған сәтте «қашықтықтан қызмет көрсетуге» көшкенімізбен, халық иігілігі жолында әлі талай белес бағындыруға тура келеді. Ашығын айтқанда, елге мұндай күрделі мамандықтар қашан келетінін болжау да қиын. Десе де, жаңашылдыққа бет бұрмасақ, көшіміз ілгері болмайтыны сөзсіз. Жуырда «Егемен Қазақстан» газетінің сайтында Қазақстанның жоғары оқу орында жаңа мамандықтар ашылғанын хабарлады. Мақалада бакалавриатта 15, магистратурада 13, резидентурада 50, докторантурада 11 мамандық пайда болып, елге қажетті мамандар білім алуда, – деп тұжырымдады.
ЖОО-да жаңадан ашылатын мамандықтар белгілі бір сатылардан өтеді. Білім және ғылым министрлігінің айтуынша, кез келген мамандық бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін лицензия алуға Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктеуіші негіз болады. Қазақстанда бұл құжат 2009 жылы 20 наурызда бекітілген. Ал жаңа мамандықтың ашылуына жоғары білімі бар мамандардың қажеттілігі туралы талдау қорытындылары, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұсыныстары әсер етеді екен.
Қазіргі таңда кадрларды да¬йындау Қазақстан Республикасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктеуішіне сәйкес жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 603 мамандық оқытылады. Оның ішінде бакалавриатта – 175, магистратурада – 190, резидентурада – 50, докторантурада – 188. Бұл мамандықтар бойынша 2016-2017 оқу жылдарында республиканың 130 ЖОО-да 472577 адам оқуда.
Бірақ, беделді жоғары оқу орнын бітіру әрдайым маңызды бола бермейді. Президент: «Ең бастысы – еңбек нарығында сұраныс бар мамандыққа ие болу. Бұл, әсіресе, ақпараттық технологиялар, өндірісті цифрландыру және компьютерлендіру дәуірінде өзекті болмақ. Таяу болашақта қазіргі мамандықтардың 50 пайызына сұраныс болмайды. Сондықтан, уақыт талабына сай болу керек», деген болатын.
Осы пікірге ұқсас ойлар былтыр Дүниежүзілік экономикалық форум барысында да ай-тылған. Онда сарапшылар білім беру саласы адамдардың болашақтағы жұмысқа қабілетін сақтап қалуға көмектесу үшін өзгеруі керектігіне баса назар аударған. «Білім беру жүйесі адамдарды өзгеріп тұратын жаңа еңбек нарығына бейімдеуі керек. Сонымен қатар, қазір ақпараттық технологиялар білімге басқа да жолдар ашты», делінген форум баяндамасында.
Көптеген зерттеушілер де тек мамандықты игеру аздық ететінін, болашақта жан-жақты қабілет жоғары бағаланатынын айтуда. «Future Workplace Experience» басылымының сараптамасына ден қойсақ, мамандардың бірнеше қызметті қатар алып жүруі басты орынға шықпақ. Яғни, бір мамандық басқа бірнеше мамандықтың қабілетін игеруді талап ететін болады. Мысалы, қазірдің өзінде тіл білу қажеттілігі айқын байқалады. Қазақстанда 42 ЖОО-да педагогикалық, техникалық, жаратылыстану ғылымдары бойынша үш тілді білім беру жүйесі бар. Бірақ қүндізгі бөлімде оқитын 358 мың студенттің тек 5 пайызы үш тілді еркін меңгергенін айта кету керек. Дегенмен, болашақтағы өзгерістерге дайын болу үшін Қазақстанда қазірден қажетті шаралар қолға алынған. Білім және ғылым министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында «Назарбаев университет» үлгісімен ұжымдық басқару артатыны, 19 ЖОО-да бақылау кеңесі құрылатыны айтылған. Қазіргі таңда ЖОО-да 3 технопарк, 4 бизнес-инкубатор мен 500-ден астам ғылыми-зерттеу институты бар.
Сондай-ақ, білім, ғылым мен бизнес интеграциясы да мықтап қолға алынбақ. Мұның өзі кез келген өзгеріске бейімделе алатын маман дайындауға септігін тигізе алатыны анық.