Kyzylorda-news.kz. Жасөспірімдердің бос уақыттын тиімді пайдаланып, қабілет-қарымын шыңдап, зейінін арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Экононикасы дамыған озық елдің отыздығына енуді мақсат тұтқан еліміз жас өрендерді ерте жастан ғылымға, жаңа технологияға бейімдеуді үрдіске айналдыуда. Осы бағытты негізге алған аудандық оқушылар орталығында үйірме жұмыс істейді. Ауданда да осы сала біртіндеп дамып келеді.
Робототехника үйірмесі жұмыс жасауда. Оны үйірме жетекшісі Қадыров Дастан Абламитұлының өз аузынан естідік. Ауданда ІТ сынып ашылып, робототехника үйірмесі жұмыс істеуде. Бүгінде аудандық балалармен мәдени-тәрбиелік жұмыстар орталығында және ауылдағы мектептерде робототехнология үйірмесі жұмыс істейді. 2019 жылғы 22 желтоқсанда тұңғыш аудан чемпионаты өтті. Әрине оқушылардың роботқа қызығушылығын арттыруда мектептің информатика пәнінің ұстаздарының еңбегі айырықша. Әсіресе Дастан Кадировтың еңбегін бөліп жарып айту керек.
«Робототехника үйірмесінің ашылғанына 3 жыл болды. Балалар лего конструктормен жұмыс жасайды. Оның ойлау қабілетін дамытуға ықпалы зор. Үйірмеге қатысушы 36 бала жарыстардан жүлделі орындарды алып жүр. Бір жылдан бері IT, 3D үйірмелері ашылды. 3D үйірмесі 3 өлшемді сызба сызады. Өлшемді сызбаны пластмасса түрінде құйып шығаратын аппаратпен жабдықталған. Smartlab үйірмесінде балалар IT программалық тілдерді үйренеді», - деді маман өз сөзінде.
Осы үйірменің қатысушысы №125 С.Сапарбеков атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Мейіржан Нұрдәулетұлы: "Мен үйірмеден көп нәрсені үйрендім. Ой өрісіңді дамытып, қабілет қарымыңды ұштайтын үйірмедегі әрбір минутымызды пайдалы дүниелерге арнаймыз. Әлі де үйренеріміз көп. Конструктормен жұмыс жасап, геометриялық сызбаларды дәл сызуға қол жеткіздік. Сондай-ақ компьютермен вебсайт жасау, математикалық дәлдік барлығын осы үйірмеден ойын арқылы үйренуге болатынына көз жеткіздік. IT технопаркі бізде 2017 жылдан бастап робототехника үйірмесі жұмыс жасап келеді. Қазіргі заманауи жабдықтармен жабдықталған. Робототехника кабинеті LEGO mindstorms EV 3 жинақтарымен жабдықталған. Оның ішіндегі бөлшектер майда детальдары. Балалардың ойлау қабілетін, қолдын моторикасын дамытады. Бүгінде ауылдағы мектептерде де робототехника үйірмелері ашылуда. Бұрын қаланың білім ордаларында мұндай сабақтар жүргізілсе, енді ауыл балалары инновациялық игіліктерді меңгеруіне мүмкіндігі мол. IT технопаркінде 3 үйірме бар. Олар Smartlab, 3D әлемі, робототехника. Smartlab үйірмесінде балалар IT программалық тілдерді үйренеді. 3D әлемі 3 өлшемді сызба сызады. Жасаған сызба жұмыстарын 3D принтерімен шығарады, – дейді ол.
Адамның сауаттылық туралы түсінігі күн сайын өзгеріп отыр. Осыдан 10 жыл бұрын адамның сауаттылығы оқу мен жазу көрсеткіштері арқылы бағаланатын болса, казір компьютермен жұмыс істеу тәжірибесі маңызды. Ал ертеңгі күні әр сауатты адам роботпен жұмыс жасай білу қажет. Бұл - заман талабы.
«Қазіргі таңда аудан орталығындағы мектептерден робототехника үйірмесіне 36 оқушы келіп дәріс алады. Шыны керек, күн өткен сайын балалардың қызығушылығы артып келеді. Техника құрастыру оңай емес. Оған уақыт, білім, күш-жігер қажет. Робототехника үйірмесінен қатысушылар математика, информатика, физика, ағылшын геометрия, пәніндегі формулалармен жан-жақты зерделі жұмыс істейді. Мәселен, олар математика пәнінен бір формула үйренсе үйірмеде сол формуланы пайдаланып тәжірибе жүзінде шындайды. Физикалық күш арқылы роботты, оның қимылын жасайды. Программалары көбіне ағылшын тілінде. Робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, теориялық ілімді тәжірибе жүзінде жүзеге асырады. Оқушылар 3 топқа бөлініп әр топта 12 оқушыдан болады. Олар роботты құрастыруды және бағдарламалау негіздерін үйренеді. Үйірмеге жас ерекшеліктеріне қарай 9 жастан жоғары жеткіншектерді, ал кейде ынтасы жақсы оқушыларды да қабылдаймыз. Мұнда олар роботтардың жеңілінен бастап күрделісіне дейін жасап шығады», – дейді.
Оның сөзінше, оқушылары түрлі деңгейде робототехника бойынша облыстық, республикалық жарыстарда көзге түсіп жүлделі орындарды алып жүр. Әр бала өз қиялындағы еркін тақырыпта роботын қағазға түсіріп, оның бөлшектерін құрап, әрі бағдарламасын әзірлейді. Өзінің арнайы бағыттайтын датчиктері бар. Мәселен, бірі түсті ажыратады, екіншісі кедергіні ажыратып, үшіншісі бөлменің температурасын ажыратады. Тек құрастырып қана қоймай, компьютермен бағдарлама жазады. Жарыс болса жарыстың ережесіне сәйкес қылып жазады. Бұл процесс баланың шыдамдылық төзімділігімен қатар зейініңде арттырады.
Робот баланың ойлау қабілетін жақсартып, өмірге деген қадамына сенімділік білдіреді. Соның нәтижесінде жас буынмен бірге еліміздің робототехника саласы да бой көтеруде. Адам өмірін жеңілдетуге арналған роботтарды күнделікті өмірде қолданатын уақыт та алыс емес.
