Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған аудандық Ордакент ардагерлер, жастар ресурстық орталығында Жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Ерікұлы пен Жастар Рухы жастар қанатының жетекшісі Асхат Арыстанбекұлы, аудандағы қаржы саласының ардагері Жамур Мүсілім және ерікті жастар қарапайым халықтың несие нәубетінің зардабын әбден тартып отқанын, одан шығудың жолдары мен болашақша несие алмаудың түрлі тетіктерін ортаға салды.
Әуелі, Жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Ерікұлы сөз алып, өз ойын ортаға салды.
– Біз өмір сүріп жатқан аласапыран заманда қарызсыз өмір сүру әсте мүмкін емес. Қарызды алғанда балаша қуансақ та, қайтарар кезде қиналатынымыз жасырын емес. Қазақстандағы банктер мен қаржы ұйымдары жаппай халыққа несие беруді бастады. Сауаттысы бар, сауатсызы бар, қысылып-қымтырылғаны мен кәсібін дөңгелеткісі келгені бар, бір сөзбен айтқанда әрбір қазақстандық банк пен қаржы ұйымдарына белшеден қарыз. Мемлекет басшысының «Елімізде көп адам несие алып, қарызға батып жүр. Бұл мәселе мені де қатты толғандырады. Таяу арада мен осы мәселе бойынша ұсынысымды халыққа жариялаймын», – деген сөзі көпшіліктің көңілінде бәрінен бұрын кредит кешірілер ме екен деген үмітті оятқандай. Қазақстандағы экономикалық белсенді халықтың 9,2 миллион адамның 7,2 миллионында, яғни 77 пайызында несие бар. Несие алған қазақстандықтардың төрттен бірі – шамамен 1,8 миллион адам – қарызын уақтылы төлей алмаса, 1,3 миллион азамат несие төлемдерін 90 күнге кешіктірген. 1,1 миллион адам 180 күн бойы несиесін төлемеген. 886,8 мың борышкер бір жыл немесе одан көп уақыт бойы банктен бой тасалап, қарызын төлеуден жалтарып. Нарық ырыққа бағынбайтын заманда қарызсыз өмір сүру әсте мүмкін емес. Қарызды алғанда балаша қуанып, біреу тегін бергендей жаратсақ, қайтарар кезде қиналатынымыз жасырын емес. Еліміздегі екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдары несиені есепсіз беріп, қарапайым халықтың несібесінен айырды десек қателесеспіз. Сауаттысы бар, сауатсызы бар, қысылыпқымтырылғаны мен кәсібін дөңгелеткісі келгені бар, бәрі-бәрі банк алдында белшеден қарыз. Керек десеңіз, бір адамның басында бір емес, бірнеше несиеден бар. Мәселе ушыққанда өзөзіне қол жұмсау фактілері де орын ала бастады, – деп сөзін қорытындылады.
Одан кейін, Жастар Рухы жастар қанатының жетекшісі Асхат Арыстанбекұлы баяндама оқып, жастарқа қажетті ақпараттарды шолып өтті.
– Байқасаңыздар, қаржылай несие өз алдына, ұялы телефоннан бастап тұрмыстық техниканың барлық түрі, үй жиһаздары да несиеге рәсімделуде. Біреу тегін бергендей алып, банк алдындағы берешегін төлей алмай, дүние-мүлкінен айрылып жатқандар қаншама? Байқағанымыздай бізде халықтың қаржылық сауаты төмен екені аңғарылады. Осыны банктер уақытында пайдаланып, ашықтан-ашық алдауға көшкен. Неге десеңіз, банкке барған адамға ұзынсонар келісімшартқа қол қойдырта салады. Бая-аяғы 7-8 беттен тұратын келісім-шартты оқығанның өзінде түсінетіндер аз. Оған ешкім қарамайды да, оқымайды да, қол қоя салады. Бір ғана мысал келтірейікші, келісімшарт ішінде «аннуитет» деген бар. Оған несие алғандар ай сайын 100 мың теңге төлесе, соның үш пайызы, яғни 3 мың теңгесі ғана негізгі қарызды жабады, ал қалған 97 мыңы – банктің пайдасына шешіледі. Одан бөлек, алған несиеңізді жапқанша сақтандыру компаниясына төлейтініңіз бар. Несиені жауып біткенде, ол ақшаны қайтарып алуыңызға болады. Бірақ, көпшілігі оны білмейді. Айта берсек, нағыз алдау ғой бұл. Кейбір зерттеулер бойынша, несие алған адамдардың 40 пайызы шартты дұрыс түсінбегендіктен алданып, екі есе шығынданып жататын көрінеді.
Ақпараттарға көз жүгіртсек, Ұлттық банк тізімінде 100 шақты шағын қаржылық ұйымдар бар екен. Екінші деңгейлі банктер мен шағын несиелік ұйымдармен интернет желісі арқылы несиелендіру бағдарламаларының да көпшілік арасында кең қолданыс тауып жатқанын анық байқауға болады. Яғни, «айлыққа дейін» азаматтарға берілетін орташа құны 30-50 мың теңге шамасындағы несие беретін ұйымдардың жұмысы қызып тұр. Мұндай ұйымдар ұсынатын тиімділі уақыт пен құжат жинауды талап етпейтін, ұтқырлығы. Ал, тиімсіз тұстары шаш етектен. Солардың біршамасын санамалап көрейік. Ең бірінші тиімсіз тұсы – пайыздық мөлшерлемесінің жоғарылығы. Алынған несиенің пайызы күн санап артып отырады. Төлем кешіккен әр күн үшін 1 пайыз өсім қосылып тұрады. Сол үшін де ондай ұйымдар қарыз алушыны несиесін тезірек төлеуге асықтырмайды. Себебін түсініп отырсыз. Мұндай өлшеммен несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 365 пайызға бір-ақ жетеді. Мысалы, 30 мың теңге несие рәсімдеген болсаңыз, небәрі бір айдың ішінде 40-42 мың теңгенің көлемінде өтемақы қосып төлейсіз. Әйтпесе, сіздің шотыңызға шектеу қойып, есепшотыңызға түскен қаржыны шектейді. Тағы бір кемшілігі, мұндай ұйымдардан несие алып, оны уақытылы қайтара алмасаңыз, оның барлығы сіздің несие тарихыңызға жазылады. Одан кейін әдеттегі банктерге маңайлаудан қаласыз. Мұндай ұйымдар, сондай-ақ, беретін несиесі үшін (мейлі ол аса ірі мөлшерде болмаса да) кепілдік талап етеді. Ол кепілдік басқа емес – құжат. Жеке бас куәлігі немесе төлқұжаттың өзі. Елімізде жеке басты куәландыратын құжатты кепілдікке қою заңмен тыйым салынғанын және оның арты ірі алаяқтыққа апаруы мүмкін екенін ескеру керек. Бірақ, бұл талаппен таныс болса да олар мән беріп отырған жоқ. Шағын несиелік ұйымдардың қызмет көрсету сапасының төмендігін де айта кеткен жөн. Несие алушыға жеңілдік ұсыну деген дүниелер оларға мүлдем жат. Сіздің жасаған өтініш, сұраныстарыңызды елемей қою олар үшін түк емес.
Мұндай мекемелер қызметінің тағы бір күмәнді тұсы қарызын қайтармаған клиенттерден несие өндіру тетіктерінде жатыр. Қарызыңызды қайтармай қойсаңыз олар сізді ешқащан тікелей сотқа бермейді. Оның орнына борышкерлермен жұмыс істеу жөніндегі қызметтердің көмегіне жүгінеді. Сотқа да солар береді. Неге дейсіз бе? Шағын қаржы ұйымдарының дені қызметтерінің заң аясында және таза екеніне кепілдік бере алмайды. Несиені дер кезінде төлей алмаған қазақстандықтарға коллекторлық қызмет тыным бермеуде. Тіпті, қарызын кешіктірген күндерге еселеп қайтаруға мәжбүрлеп жатқан көрінеді, – деп қалып көпшіліктің қажетіне жарар ақпаратты ортаға салды.Міне осындай келеңсіздікті көре тұрып, қарапайым халықтың қаржылық сауатын арттыру қажеттілігін түсінеміз. Халық тапқан-таянғанын тұтастай банкке беруді әдетке айналдырған. Ол төлемнің басым бөлігі банк еншісіндегі үстемеақылар. Екінші деңгейлі кейбір банктер шекараның арғы бетінен 2-3 пайызбен алған қаржыларын халыққа 25-30 пайызбен беріп жатқанын ескерсек, болашақты бағдарлау қиын. Әлбетте, таяқтың екі ұшы бар. Қалай десек те, халық қарызға өмір сүруге құмар-ақ. Несие алып той жасап, несиемен үйін дүниемен толтыру қалыпты жағдайға айналғандай. Тіпті, азық-түліктің өзін несиеге рәсімдейтіндер де бар. Бес жыл бойы жүргізілген ауқымды зерттеудің нәтижесінде Гарвард университетінің ғалымдары жұрттың лаңкестіктен емес, қаржы мекемелерінен көбірек зардап шегетінін дәлелдеп шықты. Олардың мәліметінше, осы мерзім ішінде 40 мыңға жуық адам қаржылық қиындықтар салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған көрінеді. Сондықтан, бүгінде шетелдік мамандар несие мәселесінде жұртшылықты жауапкершілікке баулу қажеттігін айта бастады. Күліп келетін қарыздың жылатып қайтатыны енді түсінікті болар. Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, несие пайыздарымен дұрыс жұмыс істеуді үйрету бағытында елімізде ешқандай жүйелі жұмыстың жүргізілмей жатқаны жанға батады. Егерде осы бағытта нақты жұмыстар жүргізілетін болса, «қатықсыз қара су ішсе де» бойына сіңіп, ұйқы тыныш, көңілге кірбің түспей қарызсыз өмір сүруге әдеттенер ме едік…
Осындай мысалдарды келтіріп, жастар өзара қызу талқылап, бұндай қиындықтан шығудың жолдарын да тілге тиек етті.
Айталық, ерікті жастың бірі Данияр Досантаевтың мына бір сөзі көпшіліктің көкейіне қона кетті.
– Бәлкім, өздеріңізде көріп, оқып жүрген боларсыздар. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан мен Danabek Isabekovтің Үкімет басшысы Әлихан Смайловқа кредиттің пайыз ставкасын төмендетуге байланысты сауалы қоғамда қызу талқылануда.
Озық елдерде банк секторы шағын және орта бизнеске серпін беретін механизм ретінде қарастырылады. Жапонияның орталық банкі кредитті 1,4 пайыз деңгейде белгілесе, Нидерландыда – 2,83, Францияда – 3,48, Қытайда – 4,35, Германияда, – 4,7, Ұлыбританияда – 5,35, Канадада – 6,7, АҚШ-та 7,82 пайыз құрайды.
Яғни орталық банк екінші деңгейлі банктерге төмен пайызбен кредит ұсынады. Біздің Ұлттық банк бекіткен пайыз ставкасы – 16,75. Сосын екінші деңгейлі банктерге 56 пайызға дейін кредит беруге рұқсат береді. Неге? Мұның себебін экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Жанкелді Шымшық былай түсіндіріп берді:"Банктер қарызды Ұлттық банктен алады. Сосын қарызды қалай қайтарады? 16,75 пайызбен қайтарса, онда қаржы институттары еш пайда таппайды. Кем дегенде 8 пайыз табыс табуы керек. Ендеше, 16,75-ке 8-ді қоссаңыз, 24 пайыз шығады. Тағы 24 пайызбен тұтынушылық кредит бере алмайды. Себебі инфляция есепке алынады. Өткен жылы орта есеппен инфляция 20 пайыз деңгейінде болды. Олай болса, 24 пайызға тағы 20 пайыз қосуға тура келеді".
Міне, мәселенің мәні қайта жатыр?! Енді кредиттің пайыз ставкасын төмендету мүмкін бе? Осы сұраққа келейік. Бәрі де мүмкін. Бірақ дәл қазір емес. Мұндай батыл қадамға Үкімет бел байлай алмайды. Оған қарсылық білдіретін мүлделі топтар, лоббистер бар, деген сөзінен үзінді оқып, несиенің зардабын, мүмкіндік болса оған жоламауды өтінді жастардан.
Расында, заңды тiркелген банктердiң халыққа көрсетiп жатқан қызметiн қалай түсiнемiз. Барлығы жақсы атты болып, өздерiн керемет санайды. Бiрақ, айтыңызшы, кiмнiң жыртығына жамау болып жатыр. Керiсiнше, халықтың қалтасындағы соңғы тиынына дейiн қол салып отыр емес пе? Осы сөзiмдi жоққа шығарып көрiңiзшi. Ж-о-қ, шығар алмайсыз. Қайта басыңызды иiп мақұлдайсыз. Неге десеңiз, қай банктi алып қарасақ та пайыздық мөлшерлемесi тым жоғары, ең төменгiсiнiң өзi 16 пайызды құрайды. Оның өзiн табу бүгiнде әсте мүмкiн емес. Содан болар, ақша табуды ойлаған кейбiр қалталылар несие беру мекемелерiн ашуды дәстүрге айналдырған сыңайлы. Қазақстан шағын несие ұйымдары қауымдастығының директоры Анатолий Глуховтың айтуынша, қолданыстағы заңға сәйкес, шағын несие ұйымдарының қызметi лицензияланбайды және реттелiп отырған жоқ дейдi. «Шағын несие ұйымдарын құру және жұмысын жүргiзу шарттары либе¬ралдық деуге болады. Сондықтан да осындай мекемелер елiмiзде қаптап кеттi… Шағын несие ұйымдарының қызметiн бақылау қалыс қалды. Оның үстiне, кейбiр ШНҰ қағаз жүзiнде ғана бар, ал олардың немен айналысатынын ешкiм бiлмейдi» деп, көпшiлiктi құлағдар етсе де, жоқшылықтың қамыт киген халық ешнәрсеге мән берер емес. Мәселен, бiзде үлкендi-кiшiлi 37 коммерциялық банк бар екен. Бары бар ғой… Алайда, қандай қажетiмiзге жарап жатыр. Жақында саяси шешiмдер институты мынадай қызық мәлiметтi алға тартты. Елдегi тұрғындардың жартысына жуығы, яғни 45,7 пайызы несиеге байланған. Ал аймақ бойынша алып қарар болсақ, көрсеткiш әртүрлi. Алматы мен Астана халқының үштен бiр бөлiгi борышкер болса, солтүстiк өңiрде 40 пайызға жуығы, басқа облыстарда тұрғындардың жартысынан астамы қарызға белшеден батқан. Әсiресе, шығысқазақстандықтар несиеге аса құмар болып шықты. Мұндағы халықтың 63,1 пайызы берешек. Осындай мәлiметке қарағанда, елiмiзде несиеге тәуелдi адамдардың көбейiп бара жатқаны байқалады. Биылғы жылдың бiрiншi жартысының қорытындысы бойынша, банктердiң 79 пайызында несиеге деген сұраныс артқан. Осы орайда елiмiздегi банктердiң бiрнешеуiнiң пайыздың үстемелерiне көз жүгiртiп көрейiкшi. Айталық, БТА банкiнiң «Жедел жалақылық» деп аталатын несие бағдарламасының жылдық үстемесi 24%-дан асса, «Жедел баламалы» деп аталатын түрi 29%-дық үстемеден басталады екен. «Каспийдiң» несиелiк бағдарламаларының көпшiлiгiнде пайыздық ставка 20%-дан төмен емес. Одан өзгесi де жетiсiп тұрған жоқ. «Жеке қолма-қол» аталатын несие бағдарламасының пайыздық ставкасы 23-25%, «Оңай экспресс» бағдарламасы арқылы қарыз алсаңыз жылына кем дегенде 17-21% аралығында үстеме қосып бересiз. Автокөлiк алам дегендерге үстеме 17-22% аралығында. Бұдан өзге «Еуразиялық», «Халық» банктерiнiң несие шарттарын зерттеп көрдiк. Барлығының пайыздық үстемесi жоғары. Мұның барлығы тек қана жеке тұлғаларға берiлетiн, шағын және орта сомадағы экспресс несиелер екенiн айта кетейiк.
Ал ендi осы екiншi деңгейлi банктердiң ипотекалық несие шарттары өз алдына бөлек әңгiме. Әрқайсысының жасап алған талабы бойынша сатып алатын үйiңнiң кем дегенде 15%-дан асатын алдын ала төлемiн жасауың керек, одан қалса банктiң көрсеткен қызметiне комиссиялық төлем жасайсың, сосын саған банк қажет деп тапса қалған бөлiгiн бередi. Пайыздық ставкалары қайсысына барсаң да ең кем дегенде 12%-дан асып жығылатынын айта кетейiк. Төлем қабiлетiңдi тексередi, сосын алатын үйiңдi кепiлге қоясың. Алда-жалда төлей алмай қалсаң ары кетсе 1-2 ай күтуi мүмкiн, сосын баспанаңды сот арқылы тартып алады. Оны басқа бiр клиентке сатады. Ол да төлемнен қиналып жатса кезектi мәрте тартып алу банк үшiн сөз емес. Егер ипотекалық несиенi 10 жылға алсаңыз сол уақыт аралығында үйiңiздiң бастапқы құнындай мөлшерде яғни 100%-дан астам үстеме төлейсiз. 20 жылға алсаңыз тiптi көп. Мiнеки, банктердiң халықты қалай қанап жатқандарының кiшкентай ғана мысалы. Тағы бiр айта кететiн нәрсе Еуропаға қарағанда бiздер ипотекалық несиеге 4–5 есе көп төлейдi екенбiз. Еуроодақ елдерiнiң көпшiлiгiнде жылдық өсiм 3,5%-дан басталады. Мысалы, испандықтар ипотекалық несиенi 4,25-4,5% жылдық өсiммен алады. Кипрдiң гректер жағында шамамен 7% Кипр фунты және 5% еуро. Өмiр сүру өте қымбат Ұлыбританияның өзiнде ипотека – 5,7-ден 6,9% фунт стерлинг, Болгарияда – 8,9% доллар, Әмiрлiкте – 6,7%-ды құрайды екен. Екiншi деңгейлi банктерiнiң өзiнде осындай.
Ал, бiздегi жағдай жоғарыдағыдай. Жалпы, елiмiздегi банктердiң жылдық пайыздық ставкаларының тым жоғары екендiгi жайлы аз айтылып жүрген жоқ. Әсiресе шетелдердегi банктермен салыстырып, зығырданымыз қайнап жатады. Соның салдарынан, 2013 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша, ел халқының банктер алдындағы кредиттiк қарызы 1 700 000 000 000 (триллион жетi жүз миллиард) теңгеге шықты. Бiр жылдың iшiнде төленбеген кредиттердiң құны 257 миллиард теңгеге артып, 4 триллион теңгеге жеткен. Берiлген кредиттер бiр жылда 15 пайызға, төлем уақыты созылып кеткен несиелер 22 пайызға артқан.
Ендi, қайтсiн? Несие алған адам қарызын қайтармайын демейдi, тек қайтаруға жағдайы келмей жатады. Несиенi де ерiккеннен алды дейсiз бе, амалдың жоқтығынан банктiң табалдырығын аттайды. қазiр ержеткен ұлыңды үйлендiрiп, бойжеткен қызыңды тұрмысқа беру үшiн де ұлан-асыр той жасауың қажет. Тойды бұрынғыдай есiктiң алдына палатканы тiгiп жiберiп, столдарды қатарластыра қойып, ауылдың жеңгелерi дереу дастарханды жайып жiберiп, барлық тәттi-тұттыны, ыстық тағамдарды үйде пiсiретiн заман емес. қазiргi таңда тек тойханалар мен мейрамханаларда атап өтетiн болдық. Ол үшiн, әрине, қомақты қаражат керек. Егер үлкен тойды айтпасақ та, шағын ғана той жасағыңыз келсе, кем дегенде 600-700 мың теңге жиған-тергенiңiз болу керек. Ал, халықтың қалтасында ондай қаржы қайдан болсын! Содан шарадай бастары шақшадай болып, несие алуға бекiнедi. Одан қала бердi мектептi ендi ғана бiтiрген кейбiр ерке ұлдар ата-аналарына көлiк әперудi мiндеттейдi. Егер әке-шешесi жағдайы жоқтығын алға тарса, баласы да мiз бақпай «Пәленше, түгеншелер мiнiп алған ғой, мен солардан қаламын ба? Олардың да ақшалары болмаса да, кредитке әпердi ғой» деп, өктемдiк жасайды. қандай ата-ана баласының қатарынан кем болғанын қалайды дейсiз. Бiр несиенiң үстiне, екiншiсiн жамап баласына көлiк әпередi. Көлiк болғанда да қандай десеңiзшi. Қазiр жастар анау-мынауын мiнбейдi. Жаңа үлгi қатарындағысын тiзгiндегiсi келедi. қалай десек те халыққа несие керек. Бiрақ қандай несие? Мемлекет беретiн қарызын екi-үш есе өсiммен қайтарып алатын болса, онсыз да дағдарыстан титықтап отырған халқына жасаған қайыры осы ма? Халық қолжетiмдi, үстеме пайызы төмен несие алғысы келедi. Сол арқылы тiрлiк бастап, жұмыс iстеп, тұрмысын жақсартқысы келедi. Мемлекет болса әлi күнге ондай жағымды несиелiк орта қалыптастырып бере алмай отыр. Сөйте тұра өзге мемлекеттерге бiздiң банк жүйемiз қарқынды дамып кеткен деп мақтануға әуес.
Осы тұста, дөңгелек үстелға арнайы шақырылған аудандағы қаржы саласының ардагері Жамур Мүсілімнің өз айтары бар:
– Көпшілігіміз отбасылық бюджетті жүргізбейміз. Ақша келеді, кетеді. Есепсіз жаратудың әсерінен артық қаражат жинауға тырыспаймыз. Соның салдарынан банктерге жем болып, берекеміз қашып жүр. Қолда бар қаражатты көбейтудің жолдарын қарастырмаймыз. Осы қаржы саласының маманы ретінде айтайын, жалақыны алған күннен бастап кіріс-шығысты басқару, жинау, қосымша табыс табуға тырысу, білімді көтеріп, сол арқылы табысты жұмысқа орналасу, артық ақшаны кәсіпке салу бір күнде пайда болатын дүние емес. Мұның бәрі жылдар бойы қалыптасады. Адам тіршілік барысында қаржысыз, экономикалық үрдістерсіз өмір сүре алмайды. Қалай дегенмен де осы мәселелерге кезігеді, жолығады. Дәл осындай сәттері тиімді шешімдер қабылдамаса, отбасылық бюджетке кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Оған қарапайым мысал, қазіргі кезде көп адамдарда несие бар. Несиені ақылмен алмағандар, үлкен пайыздары бар қарыздардың шырмауында қалып жатады. Нәтижесінде кепілдікке қойылған баспанасына дейін иелігінен кетіп, сан соғып жататын жағдайларда көп. Сол себепті әр адам отбасы бюджетті саналы басқарғаны жөн, – дейді қаржы саласының ардагері.