maslihat_sailauy

 Kyzylorda-news.kz. Адам баласы үшін ананың орны қашанда биік. Жұмақ - ананың табанының астында деген сөздің мәні аяулы жанның қадірін ерекше асқақтатып тұрғандай. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететін аналарға жүрекжарды лебізімізді күн сайын білдірсек те артық етпейді. Шұғылалы көктемнің 8-ші жұлдызы Халықаралық әйелдер күніне Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы Бекжан Есенбаев кент орталығындағы Мұхамеджан Қаратаев атындағы №51 мектепке арнайы барып, аяулы арулар мен ардагер ұстаздарды мерейлі мерекемен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді.

– Әлемдегі кез-келген ұлт алдымен ананы құрметтейді, ананың алдында басын иеді. Қазақ халқы әйел затының қадір-қасиетін жоғары бағалап, беделін биік қойған. Жер – ана, Отан – ана, тілдің өзін анаға теңеп, оның құдыретін осылай бағалады. Міне, біз ана ұғымын осындай мәртебелі еттік. Асыл дінімізде де «Анаңды Меккеге үш рет апарсаң да ақ сүтін ақтай алмайсың», «Жұмақ ананың табанының астында» деген киелі ұғым бар. Сондықтан қай қоғамда болмасын нәзік жандылардың орны – төр. Кешегі ел егемендігін алған алмағайып, тоқырау тұста азаматтарға тіреу болып, маңдай терін төгіп, елді осынау тығырықтан аналар алып шықты. Сондықтан барша аруларды, аналарды, ақ самайлы әжелерді Аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! – деп ардагер мұғалімдерге құрмет көрсетіп, алғысын білдірді.

Ана көңілінің дархандығына, ана жүрегінің ізгілігіне тең келер құдірет жоқ. Ана алақанының жылылығынан асқан жылулық жоқ. Бойға қуат, көңілге шуақ дарытатын күш те ананың жүзінде, бір ауыз сөзінде, жүрегіндегі мейірбандықта жатыр. Бір сөзбен айтқанда, мына жарық дүниедегі ең күшті құдірет – ана мейірімі. Сондықтан оларға ілгері ізет, көшелі құрмет арта береді. Көктеммен бірге келген мейрамға орай ұйымдастырылған кеш аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасты.

Одан әрі сан салада қызметте жүрген жандарға, ардагер еңбеккерлерге құрмет көрсетіп, алғысын білдірді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген мамандық иелерін марапат мінберіне көтерді. Азаматтық қорғау горнизоны қызметкерлерінің аналары «Офицердің анасы» медалімен марапатталды.

– Перзентіміздің ел үшін еңбек етіп, халықтың ұлы болып қызмет атқарып жүргені біздер үшін үлкен мәртебе. Елдік жолында еңбек ету бұл әрбір азаматтың асыл парызы, осы жолда жүрген ерлердің еңбегі де ескерусіз қалмайды. Ең бастысы, мемлекеттің келешегі, ертеңі жолында жұмыла жүк көтеріп жүрген ұл-қыздарымыз аман болсын. Осындай марапат биігіне көтеріп жатқан жандарға мың алғыс! – деді Сырғақыз Тұртанова.

Сондай-ақ, Күміс алқа иелері сахна төріне көтерілді. Сан салада еңбек етіп жүрген жандарға облыс әкімінің «Алғыс хаты» және аудан әкімінің «Құттықтау хаты» табыс етілді.

Ана көңілінің дархандығына, ана жүрегінің ізгілігіне тең келер құдірет жоқ. Ана алақанының жылылығынан асқан жылулық жоқ. Бойға қуат, көңілге шуақ дарытатын күш те ананың жүзінде, бір ауыз сөзінде, жүрегіндегі мейірбандықта жатыр. Бір сөзбен айтқанда, мына жарық дүниедегі ең күшті құдірет – ана мейірімі. Сондықтан оларға ілгері ізет, көшелі құрмет арта береді.

Көктеммен бірге келген мейрамға орай ұйымдастырылған кеш аудан өнер-паздарының концерттік бағдарла¬масына жалғасты. Әуезді ән, мың бұралған бимен өріліп, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады. Әуезді ән, мың бұралған бимен өріліп, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады. Міне, адамзаттың анаға деген құрметі шексіз екенін осыдан көруге болады. Өйткені, анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. 

Тағы да оқыңыз: