Бүгін Жаңақорған ауданында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік. Достық. Татулық» атты мерекелік іс-шара аталып өтті.

Іс шара барысында аудан басшысы ел ағаларымен бірге түрлі этнос өкілдері дайындаған тақырыптық көрмені аралап, әр ұлттың салт-дәстүрі мен мәдени мұрасымен танысты. Спорттық сайыстар мен жас суретшілердің шығармашылық көрмесін тамашалады.

Мерекелік шара «Достықтың дархан даласы» атты композициялық прологпен бастау алды. Түрлі ұлт өкілдері бірлік пен татулықты дәріптеген шеруге қатысып, жастар бейбітшілік пен ынтымақтың символы ретінде ақ көгершіндерді көкке ұшырды.

FB_IMG_1777631817625.jpg

Салтанатты шараны аудан әкімі Мажит Самитов ашып, жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады.
– Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Біз – бір елміз, бір халықпыз, бір болашаққа бет алған мемлекетпіз». Сондықтан бірлігіміз бекем болса, алар асуымыз да, бағындырар белесіміз де биік болады. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, бірлік пен ынтымақ тілеймін! – деді аудан басшысы.

Мереке аясында ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген бірқатар азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Шара әрі қарай аудан өнерпаздары ұсынған ұлттар достығын арқау еткен театрландырылған қойылыммен жалғасты. Әртүрлі этнос өкілдерінің әндері мен билері сахна төрін жандандырып, тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

FB_IMG_1777631844704.jpg

Тағы да оқыңыз: