Kyzylorda-news.kz Көктемгі егіс науқанына дайындық және мемлекеттік қолдау бағдарламаларын түсіндіру мақсатында шаруашылық құрылым басшыларымен мәжіліс өтті.

Мәжіліске Жаңақорған ауданының әкімі Мажит Самитов, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Зейнулла Қазтоғанов, Қазсушар РМК Қызылорда филиалы директорының орынбасары Айдос Асанбаев, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ облыстық филиалы басшысының орынбасары Қуаныш Садақбаев және салаға жауапты  мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері, шаруашылық құрылымдарының төрағалары қатысты.

Аталған мәжілісте топ жетекшісі Талғат Тұрсынұлы мен топ мүшелері тарапынан шаруаларға мемлекеттік қолдау бағдарламалары, жеңілдетілген несие мен лизинг тетіктері, егінді әртараптандыру, цифрландыру және су ресурстарын тиімді басқару бағытында жан-жақты түсіндірме берілді.

Сонымен қатар ротация талаптарын сақтамаған және белгіленген межеден артық күріш дақылын  еккен шаруашылықтарға вегетациялық кезеңде су берілмейтіні қатаң ескертілді.

Жиын соңында шаруашылық жетекшілері өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көктемгі дала жұмыстарына толықтай дайын екендіктерін жеткізді. Мәжіліс қортындысымен салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары мен мекеме басшыларына бірлесіп жұмыс жасау бағытында тапсырмалар жүктелді.

Жаңақорған ауылшаруашылық 2.jpg

Тағы да оқыңыз: