Kyzylorda-news.kz. Мемлекет бюджетін молайтып, кіріс көздіктерін заңдастыруда салық саясаты маңызды роль атқарады. Қазынаның бүйірін тұтынушылардың салығымен толықтырып отырудың да өзіндік ережесі, мәдениеті әлімсақтан қалыптасқан. Жаңақорған ауданы облыстағы еті ауданның ішінде алғашқы қатарда келе жатқанын, жергілікті жер табысының өзі 4 миллиард теңгеден асып отырғаны алқалы жиында ерекше атап өтілді. . Бүгінде 400-ге жуық заңды тұлға, 7 мыңнан аса кәсіпкер, 60 мыңға жуық жеке тұлға салық төлейді. Салық төлеуші азаматтарымыздың белсенділігі де маңызды дей келе,  сала ардагерлері «Жаңақорған салықшылары» кібатының тұсауын кесті.

Қазақ республикасы қаржы органдары 1920 жылы 11 қазанда өткен сьезде бекітті. Бұл комиссариаттың негізгі миссиясы – бюджеттің шығыс бөлігін бақылаумен қатар бюджетке салықтық және міндетті төлемдерді толық және уақтылы түсіріп отыруды бақылап, қамтамасыз етіп отыруды міндетіне алды.Ал 1991 жылы 9 шілдеде Қазақ КСР Президентінің «Қазақ КСР Мемлекеттік салық қызметін құру туралы» жарлығымен Бас салық инспекциясы құрылып, өз алдына отау тікті. Оның негізгі міндеттері – салық салу заңдылық тарын сақтау, салықты және басқа да міндетті төлемдерді дұрыс есептеуді назарға алады. 
Біз осы кездері Жаңақорған аудандық салық инспекциясы тұңғыш құрылғанда басшысы болып, он екі жыл басқарған Айдарбек Жұматовты арнайы әңгімеге тарттық.

Қыраш ауылында орта мектепті бітірген ол Ауыл шаруашылық институтын бітірген екен. Аудандық мемлекеттік сақтандыру мекемесінде қызмет атқарған. Ол өзінің сөзінде мекемені алғаш аяққа қою оңай болмағанын айтады. Астана күні мерекесінде салық саласының ардагерлері және бүгінде салада тер төгіп келе жатқан тұлғалар мекеменің құрылғанына отыз үш жыл толуына орай Жаңақорған агротехникалық колледждің мәжіліс залында бас қосты. Осы күні мекеме қызметкерлері болып, әрбірі өз естеліктерін жазып, сала тарихының шежіресін хатқа түсірген «Жаңақорғандық салықшылар» кітабының тұсауы кесілді. 

Мәдени шараны аудан әкімінің орынбасары Бекболат Шәріпбеков ашты. Ол өзі де еңбек жолын осы мекемеде бастаған маман ретінде естеліктерімен бөлісіп, әріптестерін аудан салық саласында жарық көрген тұңғыш кәсіби жинақтың оқырман қолына жол тартқан қуанышымен құттықтады. Осы істің басы-қасында ұйымдастырып, естеліктерді жинақтап, мекеме тарихының тасқа басылып қалуына үлес қосқан азаматтарға рахметін айтты. Әсіресе іс басында жүрген азаматтар Айдарбек Жұматов, Тұрғанбек Оразәлиевтерге ерекше рахметін жеткізді. Одан әрі Жаңақорған аудандық кірістер басқармасының басшысы Нұрлан Нұрсейітов сөз алып, аталмыш мекеменің аудан экономикасын тіктеуде орны ерек екенін, бүгінгі күні жеті ауданның ішінде Жаңақорған алғашқы қатарда келе жатқанын, жергілікті жер табысының өзі 4 миллиард теңгеден асып отырғанын жеткізді. Бүгінде 400-ге жуық заңды тұлға, 7 мыңнан аса кәсіпкер, 60 мыңға жуық жеке тұлға салық төлейді. Салық төлеуші азаматтарымыздың белсенділігі де маңызды, – деді ол. Одан әрі сөз алған сала ардагері Айдарбек Жұматов тоқсаныншы жылдары өз алдына отауын тігіп, тұғырын тіктеген салық инспекциясының бірінші басшысы ретінде сол кезеңнің қиындықтарына тоқталып өтті. Сол кезде ең бірінші жұмысты бастаған он кісіні мінберге шығарып құрмет көрсетті 
Кешегі күн естеліктеріне кезек берген қаржы саласының ардагері Дәулет Қалыбаев ауыр кезеңде ауданда салық мекемесін басқарған Айдарбек ағаның жұмысқа деген терең жанашырлығын көптеген мысалдармен жеткізді. Сол кезде кейбір жағдайы төмен азаматтарға өзінің қалтасынан төлеп, демеп жіберуге тырысқан жомврттықтарына да тоқталды. Өзінің іскерлігінің арқасында кейін қалалық қаржы басқармасын абыройлы басқарып зейнетке шыққан Айдар аға өзінің туған жері-Қыраш ауылында әкелері отырғызған бауға егелік жасап, көркейтуге бар күш-жігерін арнап келе жатқанын да айтып өтті.
Сонымен қатар, айтулы шарада ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының осы жылдың 6 айындағы орындалуы бойынша ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Семсер Әсенов баяндама оқыды.
– Ауданымызда 2022 жылдың 5 айында жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда тұрақты жағдай қалыптасып, 7 көрсеткіштің 6 көрсеткіші бойынша өсу қарқыны байқалды. Атап айтқанда, өсім өнеркәсіп өнімі, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс жұмыстары саласында, тұрғын үйді пайдалануға беру мен бөлшек сауда саласында байқалса, негізгі қорға салынған инвестицияда төмендеу көрсеткіші тіркелген. Жалпы ауданда 2023 жылдың 1 мамырына халық саны – 86 731 адамды құраса, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны – 34952. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға кем. Мәселен, өткен жылдың осы кезеңінде аудан халқының саны 86,7 мың болып, жалпы өсу қарқыны 1,6 мың адамға жетіп, көрсеткіш 101,9 пайызды құраған. Дегенмен алаңдатарлық жағдай да жоқ емес. Аудан халқының өсуі байқалғанымен көші-қон бойынша теріс сальдо, яғни аудан халқының сыртқа кетіп жатқаны да орын алуда. Ал ауданымыз күнкөріс деңгейі төмен санатындағы халық саны бойынша облыста көш басында. Бұл дегеніміз әр бір он екінші адамның күнкөріс деңгейі төмен дегенді білдіреді. Жұмыссыздар саны 1731 болса, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны – 6941. Демек жалпы халықтың 8 пайызы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Сондай-ақ өздеріңізге белгілі, халықтың тұрмыс тіршілігіне қазіргі инфляция деңгейі де қатты әсер етуде. Инфляция 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,1 пайызға артып, мемлекет тарапынан халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жасалынып отырған қадамдары оң нәтиже бермей отыр. Соған сәйкес әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азықтүлік бағалары да көтерілген. Негізінен көкөніс өнімдері, яғни қырыққабат 63 пайызға, жуа 89 пайызға, сәбіз 6, картоп 7, құмшекер 80 пайызға қымбаттаған. Күнделікті тұтынатын ас атасы нанның бағасы басқа аудандармен салыстырғанда 15 пайызға қымбат. Ал 2023 жылдың 1 маусымына аудан бюджетінің жалпы кірістері 104,5 пайызға, соның ішінде аудан бюджетінің өз кірісі 152,1 яғни 51,1 пайызға орындалды, – дей келе алдағы уақытта атқарылуға тиісті жұмыстарға тоқталып өтті.

Баяндаманы мұқият тыңдаған аудан басшысы биылғы жылы халық санының өсуін айтқанда қуанғанын, артынша тұрғындардың басқа облыс, қалаларға көшу салдарынан азаюын естігінде көңілі су сепкендей басылғанын жасырмады. Мұның себептерін анықтау үшін орынбасары Дархан Есалыұлына нақты тапсырма жүктеді. Қойын дәптеріне берілген тапсырманы түртіп алған орынбасар алдағы уақытта жұмыс жасайтынын, нақты шешімін жақын арада айтатынынан хабардар етті.

– Бүгінде Жаңақорған ауданы дамудың даңғыл жолында. Атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Соған қарамастан қазіргідей дағдарыс кезінде ел еңсесін тіктеуге бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламалардың қабылданып жатқандығы болашаққа деген сенімімізді нығайта түсетіні анық. Осы бағытта ауыл әкімдері мен бөлім басшылары өздеріне жүктелген жұмысқа жауапкершілікпен қарау керек. Тұрғындар мәселесін шешу мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрінеді. Сондықтан сіздердің атқарған қызметке баға беретін халық, – деді әкім.
Одан әрі Аққорған ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ауыл әкімі Серік Сәрсенбайұлы баяндама жасады.

Ол өз сөзінде, бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес ауылішілік жолдарға тас төсеуге 3,8 млн теңге, Түгіскен көшесіне асфальт төсеуге 11,3 млн теңге, ауылішілік аяқ су арықтарын тазалауға 1,3 млн теңге, «Аллея» салуға 4,6 млн теңге, санитарлық тазалық жұмыстарына 1,4 млн теңге жұмсалғанын айтты. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының өтінішіне байланысты №209 орта мектепке қатынау үшін ұзындығы 340 метр жаяу жүргіншілер жолы, яғни тротуар салынып, шаруашылық құрылымдарына су жеткізуге арналған Р-11 каналы 5,0 млн теңгеге тазаланған. К-1 су қашыртқысының үстінен өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпірге Б.Момышұлы көшесі тұрғындарының қолдауымен жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 13 жарық шамы қойылғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 23 жоба қорғалып, 13,4 млн теңгенің грантына қол жеткізілгенін, «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы 5 азамат 37,3 млн теңге, егін шаруашылығы үшін 90,5 млн мал шаруашылығы үшін 15,9 млн теңге, техника сатып алуға 12,3 млн теңге несие алынып жұмыс жасалып жатқанын айтты. 
Ал ауылшаруашылығы саласы, шаруаларға көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары, білім мен балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуына, мәдениет және жастар саясаты, сондайақ спорт, денсаулық саласынан хабардар еткен ауыл әкімі сөз соңында салық түсімдерін кеңейту мақсатында ауылдық округтегі жеке тұрғын үй құрылысы және өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін берілген жер учаскелеріне түгендеу жұмыстары жүргізілгенін айтып, жеке кәсіпкерлікпен заңды түрде айналысу үшін кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарды аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеуге қоюға жұмыстар жасалғанынан хабардар етті.

Осы ретте аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы жиында бас қосқан ауыл әкімдеріне ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, оның жұмысын үйлестіріп қосалқы шаруашылықты дамытуда ең бастысы халықтың әл-ауқатын арттыру мен өмір сапасын көтеру бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігіне екпін салды. Бөлім басшыларына да жүктелген тапсырма бойынша жұмысты босаңсытпай, ширақ қимылдауға мән беру керектігін нақтылады.Кезек Келінтөбе ауылдық округінің әкімі Абылай Досжановқа келді. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан баяндама оқыған әкімнің сөзі орта жолдан кілт үзілді. Өйткені аудан басшысы баяндамада жазылғандай әкімгершілік ғимаратты темір қоршаумен қоршауға республикалық қаражат есебінен ешқашан қаржы бөлінбейтінін, оқитынын қағазға түсіргенде осындай өрескел қателіктерге неге назар салмағанын сұрады. Әдеттегіше, ауыл әкімі баяндаманы есепші дайындағандықтан мұндай қателік сол қызметкердің тарапынан кеткенін айтып ақталды. Ашуға мінген аудан басшысы жіберілген қателік есепші тарапынан кетсе де оның бүтіндей бір елді басқарып отырғанын, әкім деген атқа лайық болуда сауатты жұмыс жасау керектігін еске салып, бүгінгі жиынға дайын еместігін айтып, ескерту жасады.

Бұл күнгі жиын өзгеше форматта өтті. Жаттанды жүгіртпе цифр мен ұзын сонар баяндаманың нүктесін қойған аудан басшысы алдағы уақытта аудан үшін қызмет етіп отырған әр ауыл әкімі мен бөлім басшыларының белгіленген кесте бойынша жеке-жеке есеп тапсыратынын нақты айтты. Осылайша ашықтыққа көшуді қолға алған Мұрат Жолкелдіұлы мұндай басқосулар нәтижесі алдағы уақытта әлеуметтік желіде жарияланатынын, бағасын халық таразылайтынын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: