Kyzylorda-news.kz. Астанада мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде «Жұртқа жақын полиция» қағидатын орнықтыру бағытында нақты шаралар жөнінде талқыланды. Президент ішкі істер министрлігінің мемлекеттік басқару жүйесінде айрықша ролі бар құрылым, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күресу аса маңызды міндет екеніне тоқталды.
«Тәртіп сақшысы қызметі оңай емес, күні-түні жұмыс істейтін кездер жиі болады. Қауіп – қатері де бар.Тәулік бойы сақадай сай болу үшін ерекше қажыр-қайрат пен төзімділік қажет. Азаматтар сіздерге мемлекеттің , яғни биліктің өкілі ретінде қарайды.Қауіп-қатерден қорғайды деп сенеді.Сондықтан сіздерге әрдайым орасан зор жауапкершілік жүктеледі» деді.
Осы жерде саладағы соңғы кезде болып жатқан реформалар, қызмет көрсетудің сервистік моделі жөнінде Жаңақорған ауданы полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Алтай Бұйрабековпен сұхбаттасқан едік. Ол бізге төмендегі жайттарды хабардар етті.
Ішкі істер органдарында жүргізіліп жатқан реформалардың түпкі мәні полицияның халықпен байланысын нығайту, полиция қызметкерлерінің имиджін көтеру, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдау, оларға сапалы қызмет көрсету, азаматтарды әуре-сарсанға салмау, барынша тез жедел шешім қабылдауды мақсат етіп қояды. Қазіргі таңда тергеу-анықтау құрылымында сервистік қызметті жетілдіру талабы қойылып отыр. Бұл төрешілдікті, қағазбастылықты азайтып, проуессуалдық қызметті оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Кеңейтілген мәжілісте отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде айтылды. Статистикаға келсек, соңғы екі жарым жылда үйдегі зорлық-зомбылықтан 300 адам көз жұмды. Денсаулыққа ауыр зиын келтірудің 808 фактісі тіркелген. Осындай құқықбузумен 37 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жерде учаскелік инспекторлар шешуші роль атқаратыны да айрықша айтылды. Бұл бағыттағы ауданымыздың ахуалы қандай?
2023 жылдың алты айында аудан көлемінде әйелдерге қарсы жасалған және отбасы тұрмыстық саласы бойынша қылмыс оқиғалары орын алған жоқ Осы кезеңде ҚР Заңының талаптарына сәйкес тұрмыстық ортада құқық бұзушылыққа жол беретін адамдарға қатысты 108 азаматқа қорғау нұсқамасы шығарылып және қорғау нұсқамасының талабын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 73-1 бабымен, 73-2 бабымен 26 адамға шара көрілді. Аудан көлемінде жауапты тұлғалармен зорлық-зомбылық проблемалары жөніндегі ақпараттық-ағарту жұмыстары үнемі ұйымдастырылып жүргізілуде. Атап айтқанда, отбасындағы әйелдермен балалардың тұрмыстық зорлық-зомбылығына қарсы аудандық полиция бөлімімен «Құқықтық тәртіп», жедел профилактикалықіс-шаралары ұйымдастырылды.
Аудан орталығындағы колледж, орта мектептер және мекемелерде жиналыс өткізіп, әйелдер және кәмелетке толмағандар арасында орын алып отырған өзін-өзі өлтіру деректері бойынша, дәрістер оқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтап, жалпы отбасы-тұрмыстық қатынастардағы көпке созылған кикілжің жағдайлардың алдын алуда отбасы-тұрмыстық жанжалға қатысушыларға ықпал ету арқылы учаскелік полиция инспекторларымен, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлерімен алдын алу жұмыстары ұйымдастырылып келеді.
Елімізде соңғы үш жылда жол көлік оқиғаларыныңсаны 9 пайызға өсті. Соның салдарынан 9,5 мың адамқаза тауып, 55 мыңнан астам адам жарақат алды.Жаяу жүргінші кінәсінен биылдың өзінде 142 адам жарақат алған.Бұл жол инфрақұрылымына да, оның қауіпсіздігіне жауап беретін қызметтер жұмысына сын болып отыр. Осы орайда не ацйтасыз?
Жол-көлік оқиғасы бойынша қазіргі күні аудан көлемінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. 2023 жылдың 6 айында аудан көлемінде жол–көлік оқиғасы 9-дан 16-ға немесе 77,8 пайызға, жарақат алғандар 16-дан 25-ке немесе 56,3 пайызға өсім алып, қайтыс болғандар 7-ден 4-ке немесе -42,9 пайызға азайған. Орын алған жол-көлік оқиғаларының 7-і кент орталығында, 4-і Батыс Европа-Батыс Қытай тас жолының бойында, 1-і Жаңақорған-Байкенже тас жолының бойында, 2-і Жаңақорған-Шалқия тас жолының бойында, 1-і Жаңақорған-Қандөз тас жолының бойында, 1-і Жаңарық-Әбдіғаппар тас жолының бойында орын алған. Орын алған жол-көлік оқиғаларының 7-і жүргізушінің басқару жүйесіне ие бола алмауынан, 1-і басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы, 3-і қағып кету,2-і артынан соқтығысу,1-і бүйірімен соқтығысу басты жолға шығып кету,1-і қарама-қарсы соқтығысу салдарынан орын алған.Есепті мерзімде көлік құралын мас күйінде басқарған 45 жүргізуші анықталып, аудандық сот арқылы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік кұралын басқару құқығынан айырылды. Жолдарда иесіз, қараусыз жүрген мал иелеріне қатысты 60 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып,мал иелеріне шара көрілді.
Ауданда көп тіркелетін қылмыс түрі ол – ұрлық. Орын алған қылмыстардың 52 пайызын бөтен мүлік ұрлықтары құрайды. Оның ішінде басым бөлігі тұрмыстық заттар, пәтер, мал ұрлығы, ұялы телефон ұрлығы қылмысы. Дегенмен орын алған әрбір қылмыстың ізін суытпай ашу бағытында бөлім қызметкерлерімен жедел іздестіру амалдары жүргізіліпкеледі.
Аудан көлемінде ұрлық қылмыстарының өсім алуына тосқауыл қою мен болдырмау мақсатында, сондай-ақағымдағы жылы және өткен жылғы тіркелген қылмыстарды ашу бағытындаҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2020-2023 жылдарға арналған бағдарламасын»іске асыру мақсатында бөлімнің тәжірибелі қызметкерлерінен тұрақты 2 топ құрылып, бірінші жартыжылдықта 2 рет қысқа мерзімді рейдтік жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде, өткен жылы орын алған 1 қылмыс дерегінің беті әшкереленді. Оның біреуі ұрлық, біреуі алаяқтық қылмыстары.
Сонымен қатар бұрын жасалған 16 қылмыс дерегінің беті әшкелеренді.Оның ішінде 11-і ұрлық, 5-уі алаяқтық қылмысы.Қазіргі күні қылмыстық істі сотқа жолдау бағытында жан-жақты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
- Аудан көлемінде жасөспірімдер арасында тәртіпбұзушылықтың алдын алуда қоғаммен бірлескен қандай жұмыстар атқарылуда?
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Балалар болашағымыз, бала тәрбиесі елдің дамуының келешегін айқындаушы». екендігін баса айтты. Осы мақсатта аудандағы білім беру ұйымдарында аудан әкімімен бірлескен жоспар негізінде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Сонымен қатар оқушылар мен студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында мемлекеттік және мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдармен бірлескен жұмыстар ұйымдастырылды.Аудан әкімдігі жанында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында кәмелетке толмағандарға қарсы және олармен жасалатын қылмыстар, алкоголь, есірткінің зияны, ата-ананың бала тәрбиесіндегі, жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершіліктері туралы дөңгелек үстелдер, сұхбаттар, кездесулер өткізілді.2023 жылдың алты айында полиция бөлімінің қызметкерлерімен, аудан көлемінде Балалардың жолдағы қауіпсіздігі», «Бала және бағдаршам» «Балалар түнгі қаладағы»,«Жасөспірім» - атты жедел профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Нәтижесінде жасөспірімдермен жасалған қылмыстармен оларға қарсы жасалған қылмыстар орын алған жоқ.Полиция бөлімімен ағымдағы жылдың алты айында әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жасөспірімдермен олардың ата-аналарына қатысты және кәмелетке толмағандарға темекі бұйымдарымен алкоголь өнімін сатқан сонымен қатар кәмелетке толмағандарды ойын сауық мекемелерінде болуына жол берген тұлғалар бойынша 145 әкімшілік хаттамалар рәсімделді.
Талдау көрсеткендей олардың ішінде түнгі сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін өздерінің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жерлерде, сонымен қатар ойын-сауық мекелерінде түнгі сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін болуының 127 дерегі анықталып, жасөспірімдердің ата-аналарына ескерту және айыппұлдар салынды. Құқық бұзушылықтардың көпшілігі Жаңақорған кентінде орналасқан мектептерге тиесілі. Ата-аналық міндетін тиісінше орындамай өзінің кәмелетке толмаған балаларын қылмыстық жауапкершілікке және әкімшілік құқық бұзушылыққа баруына жол берген 7 ата-анаға қатысты жинақталған құжаттар сотқа жолданып, тиісті шешімдер қабылданды.Сонымен қатар он алты жастан асқан бір жасөспірімге қоғамдық орынды ластағаны үшін, әкімшілік шара көрілді. Кәмелетке толмағанның түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 4 тұлғаға әкімшілік шара қолданылды. 14 жаспен 16 жас аралығындағы кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық дерегі бойынша 1 кәмелетке толмаған баланың ата-аналарына әкімшілік айыппұлдар салынса, Қызылорда облыстық білім басқармасына қарасты кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына бір жасөспірім жеткізілді.Ата-аналық міндетін тиісінше орындамай күтіп бағу қағидаларын сақтамаған 6 ата-ана профилактикалық есепке алынды. Жиырма бір жасқа толмаған сонымен қатар кәмелетке толмаған балаларға алкоголь өнімімен темекі бұйымдарын сатқан 2 тұлғаға тиісті шара көріліп, аудандық сотқа жолданды.Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстарды болдырмау оның ішінде зорлық- зомбылыққа ұшыраудың алдын алу бойынша жыл басынан бірнеше рет ата-аналарға және жасөспірімдерге жаднамалар таратылды.
Қазіргі күні жасөспірімдер арасында белең алып келе жатқан топтық төбелестердің алдын алу, болдырмау мақсатында аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлерімен мобильдік топтар құрылып, топтасып жиналатын орындар тексеріліп, тиісті аймақтарға наряд қызметкерлері қойылып, бақылауға алынды.Өздеріңізге мәлім қазіргі таңда ғаламтор желісінде барлық ақпаратқа қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, бала – телефон арқылы ересектерге арналған контенттерге немесе түрлі зиян сайттарға қосыла алады. Оның ішінде суицидке, құмар ойындарына апаратын сілтемелерді біздің тарапымыздан қадағалау мүмкін емес. Осы себепті ата-аналар балалардың әлеуметтік желілерді қандай парақшаларда отырғанын қадағалауы қажет деп есептеймін.
- Тұрғындар арасында алаяқтықтың құрбаны болу фактілері жиі кездеседі.Оларды тауып заңмен жазалануы тұрғысында нәтижелі жұмыстар бар ма?
- Жыл басынан бері ауданымызда алаяқтық қылмысының 10 дерегі тіркелген. Оның 8-і ашылып, 7-уі аудандық сотқа жолданса, 1 алаяқтық қылмысы бойынша күдікті азаматшаның бас шарасы қамауда, қалған 2 алаяқтық қылмысы бойынша күдікті тұлғалар анықталып, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі таңда, ауданымызда ғаламтор арқылы жасалынатын алаяқтық қылмысы көбейген. Оның басқа алаяқтық қылмыстарынан ерекшелігі, олар инстернетті пайдаланғандықтан халықаралық деңгейде таралуымен ерекшеленеді.
Бүгінгі күні интернет желісі әлемді өрмекшінің торындай шырмаған сайын одан келер қауіп те көбеюде.Әсересе азаматтардан айласын асырған интернет-алаяқтық тыйылар емес.Қаражатты жымқырып қалта қағудың айла-шарғысын кәсіпке айналғандардың саны артып барады.Алаяқтар кез-келген жаңалықтарға бейімделеді, сондықтан алаяқтардың бұл түрі тек әлеуметтік желіде ғана емес, басқа да интернет-сервистерде ОLX,Крыша, Kolesа. Kzхабарландыру арқылы таратылады.Республика бойынша көптеген микрокредиттік ұйымдар жұмыс істейді. 18 жасқа толған кез келген азасам жеке куәлігі, бактік шоты, абоненттік нөқмірі болеған жағдайда кредти ала алады.
Қазіргі таңда, интернет желісін, оның ішінде Инстаграм, Фейзбук т.б. желілерді ашқанда көмек сұрау парақшалары көбейген. Алаяқтар осы парақшалардың көшірмелерін ашып өздерінің реквизит номерлерін жазып қояды. Көмек көрсеткісі келген адамдар шынайы ашылған парақша екен деп ойлап алаяқтақтардың есепшотына ақша аудара бастайды. Сондықтанда қорларға ақша аудармас бұрын иелерімен сөйлесіп, аударылған есепшот номерін тексеріп алып қана көмек қолын созу керек.
Алаяқтық қылмыстарының алдын-алу бағытында аудан прокуратурасымен бастама алып «Алаяқтардың құрбаны болмас үшін есте сақтау қажет кеңестер» деп аталатын арнайы Жадынамасының көшірмелері көбейтіліп кент және ауыл тұрғындарына таратылса, кент орталығында көпшілік жиналатын орындарда орналасқан 3 «LED» экранға арнайы әзірленген видеороликтер шығарылып көрсетілген. Одан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар - 4 рет, әлеуметтік желілерге (Instagram, Facebook) мақала - 26 рет, видеороликтер 10 рет жарияланып, жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында тиісті сақтық шаралары ұйымдастырылды
Ауданда көші-қон заңнамасын бұзып, заңсыз жүрген мигранттар бар ма?2023 жылдын 5-айында аудан көлемінде 239 хабарламамен барлығы 571 шетелдіктер әртүрлі мақсатта уақытша тіркелді. Оның ішінде 549-Өзбекстан Республикасынан, 14-і Тәжікстан Республикасынан, 7-і Ресей Федерациясынан, 1-і Туркия мемлекетінің азаматтары уақытша қонақ ретінде тіркелген. Аталған 571 шетел азаматтарының 340-ы Жаңақорған ауданы бойынша уақытша жұмыс жасауға уақытша рұқсат қағазымен тіркеуге алынып, қалған 231 азамат қонақ ретінде тіркелген. Уақытша жұмыс жасауға рұқсат алғандардың 317–азамат бірінші рет рәсімделген болса, оның ішінде 23-азаматтар ұзарту жасаған.
Көрсетілген мерзімде шетелдіктерге қатысты заңсыз жұмыс жасаған немесе шетелдіктерді өз мерзімінде Қазақстан Республикасынан кетуі жөнінде шаралар қабылдамаған және белгіленген мерзімдері өтсе де Қазақстан Республикасынан кетпей, ҚР-ның халықтық көші-қон саласындағы заңнамасын бұзып құқық бұзушылық жасағандарға 43әкімшілік хаттамалар рәсімделді. Оның; 24-і шетел азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабына сай әкімшілік шаралар көрілсе, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабына сәйкес 16 хаттама, 519- бабына сәйкес 3-і ҚР-ның азаматтарына әкімшілік хаттама рәсімделген. Сот қаулысымен барлығы 6 шетел азаматы Қазақстан Республикасы шегінен әкімшілік жолмен шығарылды. Оның 4-і көші-қон саласындағы заңнамасын бұзса, 2-шетел азаматы өзге құқық бұзушылық жасағаны үшін Азаматтық процестік кодексінің 382 бабына сай сот қаулысымен Қазақстан Республикасы шекарасынан аластатылды.
Қазіргі таңда ағымдағы жылдың 19-25 маусым аралығында Республика көлемінде «Заңсыз келуші-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.Аталған іс-шараның мақсаты – заңсыз жүрген шетел азаматтарын анықтау, олармен жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау, жолын кесу болып табылады.Осы іс шара кезіндеаудан көлемінде заңсыз жүрген 16 шетел азаматтары анықталды.Осы заңсыз жүрген шетел азаматтарына жұмыс беріп, тіркеу тәртібін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 6 азаматына қатысты әкімшілік шара көрілді.
Сонымен қатар, 1 шетел азаматыөзге құқық бұзушылық жасағаны үшін Азаматтық процестік кодексінің 382 бабына сай сот қаулысымен ҚР-ның шекарасынан аластатылды.
Жеке құрамның кәсіби әлеуеті жөнінде не айтасыз? Жұмысты дұрыс ұйымдастыра білетін, үздік қызметімен танылып жүрген қызметкерлерді атап кетсек.Қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыспен күрес әрбір полиция қызметкерінің жауапты міндеті. Ішкі істер саласында жауапты қызметті мінсіз атқару полиция қызметкерлерінің білімі мен біліктілігіне, Отансүйгіштік қасиетіне тікелей байланысты.Соңғы 2-3 жыл көлемінде ішкі істер органдарында ірі реформалар жүргізілгендігін баршаңыз жақсы білесіздер.Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтарын түрлі қылмыстардан сақтауда біздің алдымызға міндеттер қойылып, үлкен жауапкершілік артылды. Жүктелген міндеттерді іске асыру жолында Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлері өз үлестерін қосып келеді.
Қазіргі күні аудандық полиция бөлімінде 99 штаттық бірліктер қызмет жасайтын болса, оның 85-і орта және аға басшы құрам, қалған 14-і қатардағы және кіші басшы құрам. Полиция бөлімінің теңгерімінде барлығы 34 қызметтік автокөлік болса, олардың 23 жарамды, 11 пайдалану мерзімі аяқталып, тозығы жетуіне байланысты, аукциондық сатылымға шығару үшін департаменттің Тылмен қамтамасыз ету басқармасына жолданған.Аудан бойынша барлығы 21 учаскелік полиция пункттері бар. АПб-нің теңгеріміне алынған учаскелік полиция пунктінің саны-3.Оның 2-уі кент орталығында, 1-уі Түгіскен ауылында орналасқан.Қалған 19-ы ауылда,учаскелік полиция инспекторларға әкімдік өзге ғимараттардан бөлек қызметтік бөлмелер қарастырылып берілген.
Полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, үнемі жоғары кәсіби шеберлігі мен білімін жетілдіріп отырады. Қазіргі таңда жеке құрам арасында әскери-қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау құқық бұзушылықтар мен қылмыстылықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әр аптаның жұма күні әскери-қызметтік дайындық сабағы өткізіліп, онда Қазақстан Республикасы ІІМ-нің бұйрықтары мен заңдарынан қосымша дәрістер оқылып, республика, облыс көлеміндегі шолулар жеке құрам назарына жеткізіліп отырылады.
Әр ай сайын бөлім басшылығымен жедел кеңестер өткізіліп, онда жедел-қызметтік жұмыстары мен әскери-қызметтік тәртіп пен заңдылықтың сақталу барысы және күнделікті Әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, қызмет бабын асыра пайдаланбау, заңсыздықтарға жол бермеу сынды мәселелер қаралып, тиісті ұйымдастырушылық іс-шаралар қабылдануда. Бөлім басшылығымен және кадр жұмыстары саласымен жүйелі түрде жүргізіліп отырған алдын-алу іс-шараларының нәтижесінде 2023 жылдың есепті мерзімінде жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.Жеке құрамға әскери-қызметтік даярлық сабағында интерактивті экран арқылы үнемі видеороликтер көрсетілімі жүргізіліп келеді.
Сонымен бірге аудандық полиция бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полиция подполковнигі Н.Мұқанов бастаған ардагерлер қауымы бөлімге арнайы шақырылып жеке құрамға қызметтік-жауынгерлік жағдайларда кәсіби міндеттерін сенімді орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған моральдық-жауынгерлік рухты және психологиялық тұрақтылықты арттыру жайлы мәжілістерді өткізіп отыру бір жүйеге келтірілген.Бөлімде үздік қызметімен танылып, әке жолымен келе жатқан қызметкерлер де аз емес. Олар: бөлімнің анықтау тобының аға анықтаушысы полиция майоры Абжалов Бақытжан Құнанбайұлы, бөлімнің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Битабаров Еркебұлан Ермекбайұлы, бөлімнің кадр саясаты тобының инспекторы полиция капитаны Әбдраманов Ермуханбет Ералыұлын айтуымызға болады.
Қылмыстарды дер кезінде ашу мен оның алдын алуда цифрлық технологияның соңғы жетістіктері қатарында қандай модельдері қолжетімді болып отыр.Бейнекамералар бойынша мәселе толық шешілді ма?Ағымдағы жылдың мамыр айында аудан орталығына кент әкімдігімен 17 дана бейнекамералар орнатылған.Осы бейнекамералар кенттегі халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарға (орталық Нұр базар, Нұрасыл базарлары, Хорасан ата көшесінің бойында 3 жерге, орталық алаңға, кент аумағынан шыға беріс барлық аймақтарға, Амангелді, Алтынсарин көшелерінің қиылысына бір данадан) орнатылған. Алайда осы бейнекамераларды басқару орталығы кент әкімдігінде орналасқандықтан аталған бейнекамераларды аудандық полиция бөліміне шығару мәселесі шешімін таппай отыр.Бұл бойынша аудан және кент әкімдігіне бірнеше рет ұсыныстар жолданды.
Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес 2022 жылы облыстық әкімдіктің қолдауымен Қызылорда облысы Полиция департаментіне 10 «Ekin Patrol G2» автокешені және 21 жылжымалы ақпараттық-бағдарламалық «Vuewo» бейнетіркеу кешендері алынды. Кешендердің жай патрульден айырмашылығы үлкен.Онда 10 камера бар, оның тоғызы сыртқы, біреуі ішкі бейнені бақылайды Аппараттың көру мүмкіндігі 360 градус. Бұл жүйе жолдағы заң бұзушылықтарды тіркеу үшін патруьлдік полиция көліктеріне орнатылды.Бұл автокөліктер өңіріміздегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қомақты үлес қосатыны белгілі.Сондықтан облыстық әкімдіктің қолдауымын аталған қызметтік автокөліктерді тағыда алып, аудан орталықтарына беру Полиция департаментінің жоспарында бар.
Қазіргі таңда барлық аудандық полиция бөлімдеріне 1 дана жылжымалы ақпараттық-бағдарламалық «Vuewo» бейнетіркеу кешендері бар қызметтік автокөліктер берілді. Оны қызметте пайдаланып жатыр. Енді бізге ауданымызда құқық бұзушылықтарды жылжымалы түрде анықтайтын заманауи бейнекамерамен жабдықталған ЕКИН патруль қызметтік автокөліктері қажет болып отыр.Сондықтан заманауи ЕКИН патруль қызметтік автокөліктерін алуымызға департаментке ұсыныс келтірілді
- «Қоғамда заң мен тәртіпқатаң сақталуы керек. Сонда ғана еліміз өсіп-өркендейді.Бұл – мызғымас қағида. Қылмыскермен күрес ымырасыз жүргізіліуі керек. Мұнда ұсақ-түйек деген жоқ. Полиция қызметкері заңға бағынатын адамға құрметпен қарауы керек. Ал тәртіп бұзушылармен заң аясында сөйлесу қажет.Адамды азаптауға, қинауға, тергеудің тыйым салынған тәсілдерін қолдануға мүлдем жол берілмейді. Әрбір тәртіп сақшысы мұны жете түсінуі керек.Күнделікті жұмыста осы талаптар сақталса азаматтардың полицияға деген сенімі артады» деді Президент. Осы орайда жеке құраммен тәрбие талап мәселелері қалай жүріп жатыр?
- Аптаның әрбір жұма күні жеке құрам қызметкерлерімен мәжіліс өткізіп, тәртіп пен заңдылықтың сақталуы, ішкі істер органдарында қабылданып жатқан реформалар, полиция қызметкерлері арасында орын алып жатқан сыбайлас жемқорлық, басқа да төтенше жағдайлар бойынша ақпараттарды таныстырамыз. Сол жерде әскери қызмет сабағы өткізіледі. Бұл сабақта әрбір бөлімше бастықтары сол жерде өзіне тиісті заңдардан сабақ өтеді. Әкімшілік істерді рәсімдеу, тиісті баптарды қолдану, заңдағы енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіріп, қызметтік-дайындық сабақтары өткізіледі. ҚР Конституциясының заңдары, қосымша саяси сабақтар өткізіледі. Мемлекетімізде, дүние жүзінде болып жатқан саяси оқиғаларға да шолу жасап отырамыз. Полиция қызметкерлерінің қызмет атқару барысында және жеке басына кемшіліктер сол жерде қаралады, тиісінше тәртіптік жаза қолданылады. Қандайда бр жетістіктері болса сол жерде марапаттаймыз. Одан соң орталық стадионда спорт кешендік жаттығулардан сынақ қабылдаймыз. Полицияға қарсыласқан жағдайда қалай қимылдау керек, автокөлікті айдап, ұрлап кеткен қызметкерді ұстаған кезде қалай қауіпсіздік шараларын қолдану керектігін, сақтық шаралары бойынша денешынықтыру тактикалық сабағында үйретеміз.
Жеке пікіріңізге келсек, полицияға ең үлкен мектеп не деп ойлайсыз?Бала кезден берілген тәрбиге ешнәрсемен теңестіре алмас едім. Мен өзім көбірек әже тәрбиесінде өстім. Әжем Арқаның қызы еді. Шиелінің Көкжиде деген жерін қоныстанған. Тоқсан үшке келгенше ине-жіп сабақтап, жыртығымызды жамады, таза, ұқыпты жүруімізді қадағалап отыратын. Имандылыққа сол кісі тәрбиеледі бізді. Біздің ешбіріріміз балабақшаға барған емеспіз. «Биссимилла сөздің басы» деп үйреткен әжем әрбір жұмысты тәуекелмен, адал ниетпен бастау керектігінайтып отыратын. Өзінің суырыпсалма ақындығы бар еді. Әжемнің осы өнегесі бойымызда жатталып қалды. Қиянат атаулыдан қашық жүруге тырысып кедеміз. Әсіресе бұл әдет-дағдылар халықтың қорғаны саналар полиция қызметкеріне тірек болып саналарына бек сенімдімін. Алдағы уақытта осы білгенімізді, білім-білігімізді аудан сақшы қызсеткерлердің ары мен абыройының арта беруіне жұмсай алсам - менің басты мақсатым осы.