Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданында 19 жастағы қойшы екі күннен кейін табылды.

Оқиға Жаңақорған ауданына қарасты Сүттіқұдық ауылынан шығысқа қарай 50-55 шақырым қашықта орналасқан Диірмен деген жерде болған.

«Ол 4 мамыр шамамен сағат 14.30-да сол аумақтан белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері хабарсыз болған. Жедел құтқару жасағынан УАЗ көлігімен 4 құтқарушы оқиға орнына барды. Жас жігітті әкесі тауға қарай 50 шақырым жерден аман-есен тауып алды», – деп мәлімдеді өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі.

Тағы да оқыңыз: