Kyzylorda-news.kz  Көктемнің шуақты күндерінде табиғатты жаңғыртып, көркейту – Наурыз мерекесінің басты құндылықтарының бірі. Осыған орай, «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында «19 наурыз – Жаңару күніне» орай Жаңақорған кентінің Тәуелсіздік көшесінде ағаш отырғызу акциясы өтті.

Жиын барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақтияр Ахметов жиналғандарды Наурыз мейрамымен құттықтап, табиғатты қорғаудың маңыздылығын атап өтті.

Ағаш отырғызу акциясына аудан және кент әкімдігі, барлық мекеме, бөлім қызметкерлері, ардагерлер, аналар, қоғамдық ұйым өкілдері және еріктілер қатысты.

Акция аясында 200 түп ағаш егілді, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл игі бастама ауданның барлық елдімекендерінде жалғасуда.

Тағы да оқыңыз: